Баспасөз хабарламасы

170620kazАғымдағы жылдың 15 маусымында құрамында облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.С.Қалауов, облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова және қоғамдық өкілдерден құрылған жұмыс тобы Кленовая, Ташкент көшелерінің (мердігер «Асарбилдинг энергии» ЖШС) және Жиенбаев, Зинченко көшелерінің (мердігер «Ақтөбекурылысэнерджи» ЖШС) жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді. Мердігер ұйымдардың өкілдері жұмыс тобын жөндеу жұмыстарының орындалу барысы туралы, қолданылатын құрылыс материалдары және Жол картасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы қысқаша таныстырды.


Мониторинг қорытындысы бойынша:
- Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына:
кестеге сәйкес орындалатын жұмыстардың сапасын және уақытылы аяқталуын үнемі бақылау;
- «Асарбилдинг энергии» ЖШС, «Ақтөбеқұрылысэнерджи» ЖШС басшыларына:
қолданылатын материалдардың сапасына тұрақты бақылау жүргізу;
жолдың жүретін бөлігінен нөсерге қарсы су бұруды қарастыру, Ташкент көшесінде нөсер суларын ағып шығу бойынша құрылғыны технологиялық бірізділікті сақтай отырып жүргізу ұсынымдары жасалды.