Баспасөз хабарламасы

120620ruskaz2020 жылғы 11 маусымда, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Есіркепов Аманкелді Қабашұлының төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа тұрақты комиссиямүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары қатысты.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Жеткергенұлы Данағұлов қатысты.


Комиссия отырысында келесі мәселе қаралды:
Ақтөбе облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу және алғашқы медициналық-санитарлық және жедел медициналық көмектің жағдайы туралы.
Аталған мәселе бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Әскерұлы Қалиев және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ақтөбе облыстық филиалы директоры Батырбек Амангелдіұлы Нұрғалиев хабарлама жасады.
Комиссия отырысында аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихат депутаттары өзекті сұрақтарын қойып, ескертулерін айтып, ұсыныстар енгізді.
Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссияның тиісті қаулылары қабылданды.
2020 жылдан бастап елімізде мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың өз денсаулығын сақтау үшін міндетті және бірлескен жауапкершілігі қағидаттарына негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап МӘМС жүйесіне толық көшу үшін қажетті дайындық жұмыстарын жүргізді. Алайда, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.
Осы мерзімге дейін елдің барлық азаматтары шартты сақтандырылған болып саналады және медициналық көмекке, МӘМС қатысушысының мәртебесіне қарамастан жүгіне алады.
Жеңілдік кезеңінде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, жарналар енгізіп, МӘМС мүшесі болулары керек.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін жеке тұлғалар медициналық көмек алған күнге дейін қатарынан үш айдан кем емес уақыт ішінде Қорға жарналар төлеуге міндетті.