Баспасөз хабарламасы

0306-22020 жылғы 29 мамырда №14 Шайкенов сайлау округінен депутат Апуажан Төлегенованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа тұрақты комиссиямүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары қатысты.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұловажәне облыс әкімінің орынбасары Руслан ГеннадьевичХамбаров, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Жеткергенұлы Данағұлов қатысты.


Комиссия отырысында келесідей мәселелер қаралды:
1.«2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11- желтоқсандағы №473 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
2.«Ақтөбе бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі туралы» облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8- желтоқсандағы №226 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р. Сүйінтаева хабарлама жасады.
Аталған мәселелерді талқылау барысында депутаттар өздерінің бірқатар сұрақтарын қойып, ескертулері мен ұсыныстарын енгізді. Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссия осы мәселелерді облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізу туралы тиісті қаулылар қабылдады.