Баспасөз хабарламасы

0306-12020 жылғы 29 мамырда, №20 Ырғыз сайлау округінен депутат Жеңіскүл Сағидоллақызы Мұхамбетпаизованың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа тұрақты комиссиямүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары қатысты.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұловажәне облыс әкімінің орынбасары Руслан Геннадьевич Хамбаров, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Жеткергенұлы Данағұлов қатысты.


Комиссия отырысында келесі мәселелер қаралды:
1. Ақтөбе облысының кейбір елді мекендерін қайта атау және атаудың транскрипциясын өзгерту туралы.
2. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әбу Насыр Әл-Фарабидің есімін беру жөнінде ұсыныс енгізу туралы.
Аталған мәселелер бойынша облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Т.Төлебаева хабарлама жасады.
Комиссия отырысында аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихат депутаттары өз сұрақтарын қойып, ескертулерін айтып, ұсыныстар енгізді.
Отырыс қорытындысы бойынша осы мәселелерді облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізу туралы тұрақты комиссияның тиісті қаулылары қабылданды.