Баспасөз хабарламасы

260520-1kaz2020 жылғы 26 мамырда облыстық мәслихат депутаты Г.Қ.Ерғазинаның төрағалық етуімен және облыстық мәслихат хатшысы С.М.Қалдығұлованың қатысуымен аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Мал шаруашылығын дамыту туралы.
2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді және ұтымды пайдаланудың өзекті мәселелері.
Осы мәселелер бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.І.Сәрсембайдың баяндамасы тыңдалды.


Сондай-ақ, Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №84 «Ақтөбе облысы аумағында жануарларды ұстау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді. Депутаттар Ақтөбе облысының қалалары мен басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас мысықтарды, пәтерді аулау және жою қағидаларын жан-жақты қарап, өз ұсыныстарын енгізді. Бұл мәселе бойынша ветеринария басқармасының басшысы К.Қ.Қанатбаев хабарлама жасады.
Отырыста күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша қызу пікірталас болып, депутаттар әрбір шешім жобаларының тармақтары бойынша бірқатар ұтымды ұсыныстар мен бастамалар енгізді.