Баспасөз хабарламасы

250520kaz2020 жылғы 22 мамырда №1 Жамбыл сайлау округінен депутат НиАркадий Юрьевичтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа тұрақты комиссиямүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары қатысты.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұловажәне облыс әкімінің орынбасары Руслан Геннадьевич Хамбаров қатысты.


Комиссия отырысында «Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2019 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі» мәселесі қаралды. Аталған мәселе бойынша Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы – Сағат Еңсегенұлы хабарлама жасады.
Екінші мәселе бойынша Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы С.Еңсегенұлының «Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшелеріне тәртіптік жаза қолдану туралы» ұсынысы қаралды.
Аталған мәселелерді талқылау барысында депутаттар өздерінің бірқатар сұрақтарын қойып, ескертулері мен ұсыныстарын енгізді. Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссия осы мәселелерді облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізу туралы тиісті қаулылар қабылдады.