Ағымдағы жылдың 19 мамырында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

190520kazКомиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, «Nur Otan» партиясының АОФ төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов, облыстық басқарма және департамент, жоғары және орта оқу орындарының басшылары қатысты.
Күн тәртібінде өзекті мәселе «Ақтөбе облысында орта білімді қамтамасыз ету сапасы туралы» болды.
Облыстық білім басқармасының басшысы Л.А.Уразбаева өз баяндамасында оқу үдерісін тұрақтандыру және жетілдіру, материалдық-техникалық базаны нығайту, оқытудың жаңа әдістемелерін енгізу бойынша қызметтің барлық аспектісін қамтыды.


Сондай-ақ, кадр әлеуетіне қатысты мәселелер айтылды. Педагогтарға жалақы мен басқа да ынталандырушы ресурстардың артуына қарамастан пән мұғалімдерінің тапшылығы байқалады.
Аталған мәселе бойынша қосымша баяндамашы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Б.Күзембаева болды.
Облыстық мәслихат депутаттары жаңа мектептердің құрылысы, мектептерге қосымша құрылыс салу мәселелерін қарады. Ақтөбе қаласындағы «Шилісай» шағын ауданындағы мектепке бюджеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігіне ерекше назар аударылды.
Депутаттық корпус жас педагогтарға және оқу үдерісін жетілдіруге үлкен демеу болып табылатын әдістемелік кабинеттердің жұмысына назар аударды.
Облыстық мәслихаттың депутаттары баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойып, өз ескертулерін айтып, ұсыныстар енгізді.
Тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.