Баспасөз хабарламасы

150520kaz2020 жылғы 15 мамырда №1 Жамбыл сайлау округінен депутат НиАркадий Юрьевичтің төрағалығыменоблыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа тұрақты комиссиямүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары,облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.
Отырыста мынадай мәселелер қаралды:


1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жергілікті жобалары туралы.

Хабарламашы: Гүлқасима Рамазанқызы Сүйінтаева – облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

2. Мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізу бойынша облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасының жұмысы туралы.

Хабарламашы: Әділ Хабділқадірұлы Қайырмеков – облыстық мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы

3. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 30 мамырдағы №161 «Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының «Б» корпусының Д-1 және Д-2 санаттарының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы.
4.Мирболат Төлеуұлы Райымқұловты Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымынан босату туралы.

Хабарламашы: Сағат Енсегенұлы - Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы

Аталған мәселелерді талқылау барысында депутаттар өздерінің сұрақтарын қойып, ескертулері мен ұсыныстарын енгізді. Тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.