Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХІІІ сессиясы бойынша пресс-релиз

43session-kazАғымдағы жылдың 30 наурызында Ақтөбе облыс мәслихатының хатшысы – Сәния Мұсақызы Қалдығұлованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Ақтөбе облысының әкімі О.С.Оразалин қатысты.
«Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №473 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлкасима Рамазанқызы Сүйінтаева сөз сөйлеп, коронавирустың өршуіне байланысты елде төтенше жағдайдың жүргізілуіне байланысты бюджеттің шығыс бөлігін қайта қарау қажет екендігін баяндады.


2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау жобасы мыналарды көздейді:
Біріншіден, төтенше жағдай кезеңінде айқындалған Жұмыспен қамтудың жол картасының іс-шараларын қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер түрінде 33,4 млрд. теңге бөлінді:
- әлеуметтік нысандардың құрылысы 5 млрд. теңгеден астам;
- ТКШ объектілерін салу және қайта жаңарту 7 млрд. теңгеден астам;
- автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу 20 млрд. теңгеден астам, оның ішінде Ақтөбе қаласына 13,9 млрд. теңге.
Сонымен қатар, облыс бюджетінің кіріс бөлігінің 2,7 млрд. теңгеге орындалмауы күтілуде, оның ішінде:
- 1,6 млрд. теңге «Аман Мұнай» ЖШС-нің жер қойнауын пайдаланушыларының аударымдары, инвестициялардың болмауы себебінен келісім-шарттық міндеттеменің орындалмауына байланысты.
- 1,1 млрд. теңге Қожасай кен орнында жаңа газ өңдеу зауытын енгізуді ескере отырып, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС газ жағу көлемінің төмендеуіне байланысты қоршаған ортаға эмиссияның азаюы.
Осыған байланысты, басым емес шығыстарды қысқарту жолымен талдау жүргізілді және қосымша 7,9 млрд.теңге іздестірілді, оның ішінде 5,3 млрд. теңге елдегі төтенше жағдайдың жүргізілуіне байланысты 3,3 млрд.теңгеге, яғни жергілікті атқарушы органның резервін 2%-дан 10%-ға дейін ұлғайтуға және республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен іске асырылатын жобаларды қоса қаржыландыру үлесін 292,1 млн. теңгеге ұлғайтуға қайта бөлу жоспарлануда.
Сонымен қатар, туындаған жағдайға байланысты халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға 727,7 млн.теңге бөлу жоспарлануда. Бұл 36,4 мың теңге әр отбасыға 20 мың теңгеден қосымша көмек.
Сондай-ақ, азық-түлік тауарларымен және бірінші қажеттілік тауарларымен қамтамасыз етудің айналым сызбасын іске асыруға 500 млн.теңге бөлінді.
Бұл қаражат қайтарымды негізде бөлінетін болады және бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны тұрақтандыруға бағытталады.
Бұдан басқа, әлеуметтік осал санаттағы балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін 480 млн.теңгеге 3 мың бірлік ноутбук сатып алу қажет (бірлік үшін 160 мың теңге).
Сонымен бірге, коронавирустық инфекциямен күресу үшін бірінші кезектегі қажетті медициналық жабдықтарды сатып алуға 529 млн.теңге ішкі шығындарды қайта бөлу жоспарланып отыр.
Сессияда екінші мәселе ретінде «Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 1 наурыздағы №395 «Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе қаралды.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.