Облыстық мәслихаттың кезекті XXХХІІ сессиясының баспасөз-хабарламасы

42session-small2020 жылғы 26 ақпанда облыстық мәслихаттың кезектіқырық екінші сессиясының жалпы отырысы№22 Мәртөк сайлау округінен депутат Амангелді Қабашұлы Есіркеповтің төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы Марат Лұқпанұлы Тоқжанов және облыс әкімінің орынбасары Руслан Маратұлы Мамунов қатысты.
Сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудан және Ақтөбе қалалық мәслихаттарының хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Сессияда Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі бойынша Сәния Мұсақызы Қалдығұлова баяндады.


С.М.Қалдығұлова 2019 жылы 15 сессия өткізілгені, оның ішінде 5 - кезекті және 10 - кезектен тыс сессиялар екенін айтты.
Жыл бойы өңір үшін маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Сессияларда 17 басқарманың басшылары тыңдалды, 133 шешім қабылданып, бекітілді, соның ішінде 37 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, облыстық газеттерде және облыстық мәслихаттың сайтында жарияланды.
Облыстық мәслихатта 5 тұрақты комиссия жұмыс атқарады, барлық отырыстары кеңейтілген форматта өткізіледі.
2019 жылы облыстың Қоғамдық кеңесімен,азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп 66 отырыс өткізіліп, 133 мәселе қаралды.
Облыстық мәслихаттың жұмыс тәжірибесінде көпшілік тыңдаулар өткізілді. Депутаттар үшін құқықтық оқу жүргізіледі.
Мәслихат депутаттары 29 кеңестер мен комиссиялардың құрамында және олар облыс әкімдігі жанынан құрылған, ведомствоаралық сипаттағы мәселелерді қарау жөніндегі консультативті-кеңесші органдардың жұмыстарына белсенді қатысып келеді.
2 депутаттық бірлестік жұмыс жасауда: «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы және қоғамдық келісім мәселелері бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы.
Депутаттар кездесулер өткізу үшін өздерінің сайлау округтеріне барады, партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қабылдау жүргізеді, өз округтерінің сайлаушыларымен олардың жеке мәселелері бойынша кездеседі.
Депутаттар мемлекеттік-жекешелік әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде әртүрлі шараларға қатысады, сайлау округтерінде белсенді жұмыстар атқаруда және жыл сайын қайырымдылық акцияларға, әлеуметтік жобаларға қатысып келеді.
2019 жылдың өзінде ғана 237 млн. теңгеден астамқаражатқа қайырымдылық жасалды.
Қорытындылай келе, С.М.Қалдығұлова 2019 жылға жоспарланған жұмыстардың барлығы орындалып, 2020 жылға бекітілген жоспар бойынша жұмыс жасауға кіріскендіктерін атап өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе - «Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы» мәселе бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.О.Елеусінова сөз сөйлеп, жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасыныңмынадай төрт бағытын іске асыру барысын баяндады:
1) «Еңбек» бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету;
2) жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту;
4) «Жастар - ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру.
Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №473«2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева хабарлама жасап, облыстық бюджетті нақтылауға ұсынылатын шығындар тізбесін ұсынды. Шығындардың жалпы сомасы - 5 млрд. 790 млн. 629,3 мың теңгені құрайды.
Аталған мәселе бойынша қорытынды жасау үшін облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының орынбасары Апуажан Төлегенова сөз сөйледі.
Депутаттар Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.А.Арынғазиеваның Ақтөбе қаласының 128 атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы ұсынысын қолдады.
Бұдан өзге, жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелеріне, іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесіне, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізілді. Облыстық мәслихат аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидасы және Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесі күші жойылды деп танылды.
Сессияда №19 Байғанин сайлау округінен депутат Ә.С.Сарманованың, №20 Ырғыз сайлау округінен депутат Ж.С.Мұхамбетпаизованың, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Г.Қ.Ерғазинаның, сондай-ақ №4 Мясоедов сайлау округінен депутат М.С.Итеғұлов пен №26 Темір сайлау округінен депутат С.Е.Айтбаеваның депутаттық сауалдары жария етілді.
Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар 15 мәселе қарап, тиісті шешімдер қабылдады.