Ақтөбе қаласында Қазақстанда белгіленген төтенше жағдай мерзімінде сауда нысандарының жұмыс істеуіне байланысты берілген ұсынымдардың орындалуы бойынша рейд өтті

200320kazБүгін Ақтөбе қаласында Қазақстанда белгіленген төтенше жағдай мерзімінде сауда нысандарының жұмыс істеуіне байланысты берілген ұсынымдардың орындалуы бойынша жастар ұйымдарының өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары тексеру рейдтерін жүргізді.
Рейд кезінде «Анвар», «Дина» компанияларының сауда үйлері, «Алтай», «Жилгородок» азық-түлік рыноктары тексерілді.
Рейд барысында жұмыс берушілер Сауда және интеграция Министрінің және Денсаулық сақтау Министрінің бірлескен бұйрығының толық орындалмай жатқандығын анықтады.


Бірде-бір нысанда кірер жерде тепловизорлар қондырылмаған, зарарсыздандыру режимі күшейтілмеген, маска кимеген адамдардың өз аймақтарына кіруіне, кезектің құралуына жол берілген, зарарсыздандыру құралдарымен өздеріне шектесіп жатқан аймақтарын өңдемеген, қол жететін кондитерлік бұйымдар қапталмай сатылуда, қолды өңдеуге арналған санитайзерлер қондырылмаған.

Барлық ескерту облыстың оперативтік штабына жіберілді.