«Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 27 ақпандағы №278 «Ақтөбе қаласының әлеуметтiк маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы»» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасына баспасөз-хабарламасы

«Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 27 ақпандағы №278 «Ақтөбе қаласының әлеуметтiк маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 7-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестендіру мақсатында қабылданады.
Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 27 ақпандағы №278 «Ақтөбе қаласының әлеуметтiк маңызы бар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4242 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.


Нормативтік құқықтық актінің жобасы сайтта орналастырылған, http://aktobeoblmaslihat.kz 
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды.
Ақтөбе облысының қоғамдық кеңесінің қорытындысы 2020 жылғы 30 қаңтарда №01-2/11 ұсынылған.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы 2020 жылғы 29 қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылған. Жария талқылау мерзімі 2020 жылдың 12 ақпанында аяқталды. Қараушылар саны - 69, пікірлер жоқ.
Сайтта жарияланған: http://aktobeoblmaslihat.kz 
Тікелей тарату: http://aktobeoblmaslihat.kz/ru/