Баспасөз хабарламасы

111219-3Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Депутаттар «Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесін қарады. Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р. Сүйінтаева хабарлама жасады.
Сонымен қатар, комиссия отырысында «Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы» және «Ақтөбе облысының Әйтеке би және Қарғалы аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы» мәселелері қаралды.


Мәселелерді талқылау кезінде депутаттар мен Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері бірқатар сұрақтар қойып, өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтты. Аталған мәселелер 2019 жылдың 11 желтоқсанында болатын облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралады.