Ақтөбе облыстық филармония - 75 жыл

061219Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары өңіріміздің мәдени дамуына, қазақ өнерінің өркендеуіне үздіксіз үлес қосқан, тарихы терең, еңбегі ерен, киелі орда Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармонияны 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, мәдениет саласын дамытуға қосқан зор үлесі мен ұлттық өнерді насихаттаудағы шығармашылық жетістіктері үшін ҚР мәдениет саласының үздігі, әнші Нұрқасымова Ж.М., ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Әйтімов М.О., қазақ камералық хор ұжымының көркемдік жетекшісі Құспанов М.О., камералық оркестр ұжымының көркемдік жетекшісі Ермекбаев А.А., «Достық сазы» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Зейнелов Б.Ж. және дәстүрлі әнші Қалуова П.Қ. медальдармен және алғыс хаттармен марапаттады.