Баспасөз хабарламасы

051219Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының және Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Депутаттар «Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік шығыстарының жобасы туралы», «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы», «Облыстық бюджет және Ақтөбе қаласы, аудандар бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» мәселелерді қарады. Аталған мәселелер бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р. Сүйінтаева хабарлама жасады.


Сонымен қатар, комиссия отырысында облыстық мәслихаттың бюджет, экономика , өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының 2019 жылғы есебі тыңдалды.
Мәселелерді талқылау кезінде депутаттар мен Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері бірқатар сұрақтар қойып, өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтты. Аталған мәселелер 2019 жылдың 11 желтоқсанында болатын облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралады.