Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

031219-4«Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау туралы» мәселе бойынша депутаттардың алдында тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Т.Төлебаева хабаралама жасады.
«Ақтөбе облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру Қағидаларын бекіту туралы» мәселе бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н.Ж. Иманалин хабарлама жасады.


Сонымен қатар, комиссия отырысында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және цифрландыру және аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияларының есебі қаралды.
Мәселелерді талқылау кезінде депутаттар мен Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері бірқатар сұрақтар қойып, өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтты. Аталған мәселелер 2019 жылдың 11 желтоқсанында болатын облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралады.