Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің бірлескен кеңейтілген отырысы

031219-3Бүгін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің бірлескен кеңейтілген отырысында «Ақтөбе облысының ауылдық жерлеріне жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы», «Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 1 наурыздағы №391 «Ақтөбе қаласында қалалық жедел шұғыл медициналық жәрдем станциясының құрылысы және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттеме қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», «Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 шілдедегі №311 «Ақтөбе қаласында теннис корттарын салу және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттеме қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселелер қаралды. Аталған мәселелер бойынша облыстық басқарма басшылары хабарлама жасады.


Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың депутаттары мен Қоғамдық Кеңесінің мүшелері «Ақтөбе қаласында 60 кереуеттік офтальмологиялық аурухана және күніне 500 келушіге арналған емханасын салу және пайдалану» «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық ауруханасы» МҚК-ның галереясына екі қабатты қосымша құрылыс салу», «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық консультативтік- диагностикалық орталығы» МҚК-ның бөлімшесінің күрделі жөндеуі», «Ақтөбе қалалық №2 емханасы» МҚК-ның ғимаратының жылыту жүйесінің күрделі жөндеуі» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемені қабылдау туралы мәселелер қаралды.
Талқылау барысында облыстық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық Кеңесінің мүшелері сұрақтар қойып, ескертулер айтып, өз ұсыныстарын енгізді. Аталған мәселелер 2019 жылдың 11 желтоқсанында болатын облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралады.