Жұмыс тобының, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің бірлескен отырысы өтті

031219-1kaz2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік шығыстарының жобасы бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқарма басшылары хабарлама жасады.
Талқылау барысында Жұмыс тобының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық Кеңесінің мүшелері сұрақтар қойып, аталған облыстық басқармаларының бюджеттік шығыстар жобасы бойынша ескертулер айтып, өз ұсыныстарын енгізді.
Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттік және этика, заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті. Депуттар Темір және Мәртөк аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы және «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселелерін қарады. Аталған мәселелер облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралады.