Баспасөз хабарламасы

201119Депутаттық Жұмыс тобының, облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің бірлескен отырысы өтті.
2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік шығыстарының жобасы бойынша облыстық ақпараттандыру және сыртқы байланыстар, дене шынықтыру және спорт басқарма басшылары және төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушысы хабарлама жасады.
Талқылау барысында Жұмыс тобының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары мен Қоғамдық Кеңесінің мүшелері сұрақтар қойып, облыстық басқармаларының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік шығыстар жобасы бойынша ескертулер айтып, өз ұсыныстарын енгізді.