Баспасөз хабарламасы

251019-22019 жылдың 25 қазанында облыстық мәслихаттың депутаттық Жұмыс тобы мен әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы №6 Жанұзақ сайлау округінен депутат Сергей Викторович Вишняктың төрағалық етуімен өтті.
2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік шығыстарының жобасы бойынша облыстық еңбек инспекциясы басқарма басшысының орынбасары Б.Б.Оразаев, мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы Ә.Х.Қайырмеков және дін істері басқармасының басшысы Ә.Ж.Тұралиев хабарлама жасады.


Талқылау барысында Жұмыс тобының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары сұрақтар қойып, облыстық басқармаларының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік шығыстар жобасы бойынша ескертулер айтып, өз ұсыныстарын енгізді.