Баспасөз хабарламасы

251019-12019 жылғы 24 қазанда, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалардың, департаменттердің, медициналық мекемелердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.


«Халықтың, мемлекеттің, жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыруды (МӘМС) енгізу жөніндегі өзекті мәселелер туралы» мәселесі бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Әскерұлы Қалиев хабарлама жасады.
Сақтандыру медицинасын тиімді енгізуде облыстың медициналық ұйымдары мен халықтың өзара қарым-қатынастың жаңа форматына дайындығы басты рөл атқарады.
Қазір облыста МӘМС жүйесіне қол жеткізуден айырылмауы үшін бейресми жұмыспен қамтылған халықтың мәртебесін өзектендіру бойынша жұмыс жалғасуда. Бүгінгі күні 96186 адам немесе активтендірілмеген халықтың жалпы көлемінің 89% өзектендірілді, ҚР-да бүгінгі күні бейресми жұмыспен қамтылған халықтың 76% - ы өзектілендірілді, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, жыл соңына дейін Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша 11409 адамды өзектендіру қажет.
Бұдан басқа, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркемесі жоқ, МӘМС қамтылмаған пакетімен қалуы мүмкін азаматтар үшін қауіп-қатерлерді азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың басында бекітілмеген 28269 халықтың 649-ы (2,3%) облыс емханаларына тіркелген, ҚР 3,4% - ы, қайтыс болған 1257-і (4,4%), шетелге және Қазақстан ішінде ЕТС-ке 675-і (2,4%) кеткен. Бүгінгі күні облыста бекітілмеген халықтың саны 26326 адам, олар тіркеу және олардың орналасқан жерін анықтау үшін іздестірілуде.
ТМККК жаңа моделі жалпы тәжірибедегі бір дәрігерге жүктемені төмендету есебінен медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды көздейді. Бүгінгі күні дәрігерлік учаскелерді ірілендіру нәтижесінде қосымша 43 дәрігерлік учаскелер құрылды, талаптарға сәйкес бір ЖТД жүктемесі 1700 адамға дейін төмендеді.
Жалпы тәжірибедегі дәрігерлерінің Кадрлық тапшылығы мәселесі ауылдық жерлерге жіберілетін университет түлектері үшін қажетті жағдайлар жасау есебінен айтарлықтай табысты шешілді. Ағымдағы жылы облыстың медициналық ұйымдарына Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің 122 түлегі жұмысқа орналасты, оның ішінде жалпы тәжірибедегі дәрігерлері – 37 адам.
ТМККК ҚР барлық азаматтарына, оралмандарға және тұрақты тұратын шетелдіктерге мемлекеттік бюджет есебінен көрсетілетін болады және тегін медициналық көмектің келесі түрлерін қамтитын болады: жедел және санитарлық авиация, бекітілген орны бойынша БМСК, шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек, жоспарлы стационарлық көмек пен тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік маңызды аурулар (онкология, туберкулез), жіті жұқпалы аурулар мен негізгі созылмалы аурулар (25 негізгі) кезіндегі медициналық көмектің толық спектрі.
Сақтандырылған азаматтар үшін МӘМС жүйесі (ТМККК – ден тыс) - екінші пакет: әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартатын медициналық көмек, сондай-ақ болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін негіз болатын көмек. Бұл: қымбат тұратын зертханалық және диагностикалық қызметтер; ТМККК қамтылмаған аурулар кезінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету; стационарды алмастыратын медициналық көмекке кең қол жеткізу; ТМККК қоспағанда жоспарлы стационарлық көмек; қалпына келтіру емі және медициналық оңалту.
Дәрілік заттармен қамтамасыз ету (АДҚ)
- ҚР ДСМ №666 қолданыстағы бұйрығында қарастырылған ауруларды емдеудің клиникалық хаттамаларын ескере отырып, ДЗ және МИ толық қамтамасыз ету;
- ересектер үшін мүгедектіктің, өлім-жітімнің, созылмалы аурулардың төмендеуіне әсерін ескере отырып, аурулар мен дәрілік заттардың тізбесін кеңейтубалаларды толық қамтамасыз ету.
Мәселені талқылау кезінде депутаттар мен Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері бірқатар сұрақтар қойып, өз ескертпелері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша тиісті қаулы қабылдады.