Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы

150819Бүгін облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында «Тұрғындарды дене шынықтырумен шұғылдануға тарту және спорт инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстардың барысы туралы» және «2019-2020 жаңа оқу жылының басталуына дайындық туралы» мәселелер қаралды. Аталған мәселелер бойынша дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы М.Ж.Махамбетов және білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Т.Сүлейменова хабарлама жасады.


Талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулерін айтты. Спорт басқармасына: демалыс, мереке күндері және кешкі уақытта кәсіпорындардың, оқу орындарының спорт залдарын, ауылдық клубтардың ғимараттарын пайдалану бойынша халық үшін қолайлы жағдайлар жасау, мектепке дейінгі мекемелерді, мектептерді қазіргі заманғы спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, ұлттық спорт түрлерін насихаттайтын жарыстарды үнемі өткізу және т.б., білім басқармасына: қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңарту, сондай-ақ мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін енгізу, білім беру ұйымдарын оқулықтармен уақытылы қамтамасыз ету, жоғары білікті педагог кадрлармен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерге қолданыстағы заңнамада көзделген әлеуметтік кепілдіктерді ұсына отырып, білікті кадрларды тарту және т.б. мәселелер бойынша сауалдар қойып, ұсыныстар енгізді.