«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы

210819-salfikovАқтөбе облыстық мәслихатының депутаттары үшін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізу дәстүрге айналды. Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға оқу жылы қарсаңында мектепке қажетті құрал-жабдықтарды алуға көмектесу. №27 Ойыл сайлау округінен депутат Талғат Маратұлы Салфиков өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасына материалдық көмек көрсетті, балаларға мектеп формасы, спорттық костюмдер, аяқ киім және кеңсе тауарлары сатып алынды. Сондай-ақ депутат өз сайлау округінің азқамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына мектеп жиынтықтарын табыс етті.