«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы

mektepke-zholБілім күні қарсаңында облыстық мәслихаты депутаты Асхат Абдрахманұлы Айтжанов оқушылар мен олардың ата-аналарын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында оқу жылының басталуына дайындық кезінде мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, балаларға киім-кешек пен құрал-жабдықтар табыстады. Және де «Ақтөбе» мүгедектердің ерікті қоғамы» ҚБ балаларға арналған мектеп жинақтарын алуға материалдық көмек көрсетті.