«Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық акциясы

210819-eleuov1 қыркүйек қарсаңында өтетін жыл сайынғы игі дәстүрге айналған республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында бүлдіршіндеріміз үлкен сыйлыққа ие болды. Көпбалалы отбасылардан, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балғындар қуанышқа кенелді. Солардың қатарында Әлихан мен Исламда бар. Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуов қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасында тәрбиеленіп жатқан балаларды мектепке қажетті заттармен, киіммен қамтамасыз етіп, демеушілік көмек көрсетті.