«Мектепке жол» республикалық акциясы

210819-vruchЖыл сайын облыстық мәслихат депутаттары Марат Серғазыұлы Итегулов пен Дмитрий Адамович Довматенко «Мектепке жол» республикалық акциясына белсенді қатысып келеді. Акцияның мақсаты - аз қамтылған, көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылына дайындық кезінде материалдық және өзге де көмек көрсету және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармауының алдын алу. Биылғы жылы 76 оқушы - бала қамқорлыққа бөленді. Сыйлықтарды тапсыру салтанатты түрде өткізіліп, депутаттар бүлдіршіндерге оқуда табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.