«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы

210819Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Хайдар Жадитұлы Ілиясов қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыға мереке сыйлады. «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық акциясы шеңберінде материалдық көмек көрсетіп, мектепке қажетті құралдар, киім-кешек, кеңсе тауарлары сатып алынып, мерекелік түскі ас ұйымдастырылды. Депутат бүлдіршінге жақсы оқуға тілек білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.