Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы

2607192019 жылғы 25 шілдеде облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» іске асырылу барысы туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Б.Қ.Бисенғалиева, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Е.А.Назаров және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.І.Сәрсембай хабарлама жасады.


Облыста ағымдағы жылы халықты жұмыспен қамтамасыз етудің Кешенді жоспарына сәйкес барлығы 36 035 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып, а.ж. 1 шілдесіне барлығы 18 653 адам жұмылдырылды (немесе 52%).
2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы үлкен сұранысқа ие, оның мақсаты азаматтарды кәсіпкерлікке тарту және жұмыссыздық деңгейін төмендету болып табылады.
Бүгінгі таңда банктер арқылы 631,7 млн. теңгеге 52 шағын несие мақұлданып, оның ішінде 417,9 млн.теңгеге 37 шағын несие берілді.
Ауыл шаруашылығы аясында аталған Бағдарлама бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 976 жобаны несиелендіруге 3 850,2 млн. теңге бөлінді.
Талқылау барысында облыстық мәслихат депутаттары сұрақтарын қойып, еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқандардың үлесін арттыру мақсатында кадрларды даярлау бойынша қажетті шаралар қабылдау, жұмыспен қамту мәселелерін шешуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін кәсіпкерліктің тиімділігі мен ауқымын арттыру, Бағдарламаны іске асыруға көзделген бюджеттік қаражаттың тиімді және уақтылы игерілуін қамтамасыз ету, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және халықты өнімді жұмыспен қамтуға тарту мәселелері бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру және т.б. мәселелер бойынша бағдарлама әкімшілеріне, аудан және қала әкімдеріне өз ұсыныстарын енгізді.