Тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы

1907192019 жылғы 19 шілдеде облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. «Мәдени мұра» ұлттық жоба шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» кіші бағдарламасын орындау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы» мәселесі бойынша мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Н.К.Қадырбаев хабарлама жасады.
Н.К.Қадырбаев облыс көлемінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша қазіргі таңда облыс әкімдігінің қолдауымен, республикаға белгілі ғалым-зерттеушілерді тарта отырып арнайы жобаны жүзеге асыру бойынша 2019-2021 жылдарға арналған жұмыс Жоспары жасалғаның айтты.


Жоба облыста үш бағытта жүзеге асырылып келеді. Олар Ақтөбе облысындағы киелі жерлерді танымал ету, облыс аумағында тарих және мәдени ескерткіштерін ғылыми реставрациялау жұмыстары, Ақтөбе облысы аумағындағы киелі жерлерді ғылыми тұрғыдан зерттеу.