Баспасөз хабарламасы

2806192019 жылғы 28 маусымда, №20 Ырғыз сайлау округінен депутат Жеңіскүл Сағидоллақызы Мұхамбетпаизованың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық Кеңес мүшелері, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


«Денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және медициналық қызмет көрсету сапасын көтеру туралы» мәселесі бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Әскерұлы Қалиев хабарлама жасады. Оның айтуы бойынша, үстіміздегі жылдың 5 айының қорытындысы бойынша «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының 42 индикаторының 39 орындалды (93%).
Қол жеткізілмеген 3 индикаторлар ішінде: нәресте өлім-жітім көрсеткіші (жоспарлы индикатор 7,13‰, көрсеткіш - 10,9 ‰). Қатерлі ісіктен өлім – жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 73, 4 –і құрады. Жоспар – 71,42. Қатерлі ісіктерді 0-1 сатысында анықтау көрсеткішінің жоспарлы индикаторы 19,04 % болса, 5 айдың қорытындысы бойынша бұлкөрсеткіш 16,4-і құрады.
Жалпы облыстың демографиялық ахуалы тұрақты. Ақтөбе облысының халық саны бүгінгі күні 870 359 тұрғынды құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда халық саны 1,4%-ға өсті.
«Туу» көрсеткіші облыс бойынша өткен жылмен салыстырғанда 0,3%-ға өсіп, 1000 нәрестеге шаққанда 21,73 құрады (2018 жылы - 21,66). 2018 жылы облыста 19 623 нәресте туылды (2019 жылдың 5 айында 8125).
2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өлім – жітім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 6,71 құрап, жоспарлы индикаторға (6,80) қол жеткізілді. Үстіміздегі жылдың 5 айындада межеленген жоспарға (7,0) қол жеткізілді), көрсеткіші 6,90-і құрады.
Ана өлімі жағдайы өткен мерзімде тіркелген жоқ.
Жалпы 2018 жылы барлығы 5554 адам қайтыс болды (қалада - 3017), оның ішінде жазатайым жағдайлардан және уланудан - 540, өлтіруден (убийства) - 41, өзін – өзі өлтіруден (самоубийства) - 129, көлік апаттарынан - 110.
2018 жылы облыс бойынша жүрек - қан тамырлары жүйесі ауруларынан өлім – жітім көрсеткіші 100 000 мың тұрғынға шаққанда 132,7-і құрап, мемлекеттік бағдарламаның жоспарлы индикаторына (139,9) қол жеткізілді. Үстіміздегі жылдың 5 айындада межеленген жоспарға (138,9) қол жеткізіліп, көрсеткіш 133,6-і құрады; туберкулезден өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда0,7-і құрады, индикаторға қол жеткізілді (индикатор 3,2). 2018 жылыда индикаторға қол жеткізіліп (3,3), көрсеткіш 2,8-і құрады; қатерлі ісіктерден 100 000 мың тұрғынға шаққанда 68,0 -і құрап, индикаторға қол жеткізілді (71,6). Биылда 68,1 -і құрап, 71,42 жоспарлы индикаторына қол жеткізілді.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.