Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

pressКәсіптік мерекелеріңіз - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда.

Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қуатты, сөздеріңіз өтімді, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға аманшылық, жаңа жеңістер, есте қаларлық журналистік материалдар және ең бастысы - таусылмас шығармашылық шабыт тілеймін!

Игі тілекпен,

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы
С.Қалдығұлова