Құрметті Ақтөбеліктер!

dgossСіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер – елдігіміз бен Егемендігімізді жарқырата бейнелейтін халқымыздың рухын, ұлттық нышандарын көрсететін ерекше қастерлі белгілер.
Оларды жүрегімізге басып, маңдайымызға ұстап, құрметтеу арқылы азаматтығымызды білдіреміз.
Көк байрағымыз - Туымыз еліміздің мәртебесін жоғарыда желбіретсін, Елтаңбамыз Отанымыздың еңсесін көтерсін, Гимніміз салтанатты жағдайларда ойнасын.
Тәуелсіз еліміз - Қазақстанның аспаны әрдайым жарық, бағыты баянды, келешегі нұрлы болсын!

Игі тілекпен

С.Қалдығұлова