Облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІІ сессиясының баспасөз хабарламасы

2604192019 жылғы 26 сәуірде облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясының жалпы отырысы №23 Қандыағаш сайлау округінен депутат Бөріхан Сматоллаұлы Беркімбаевтың төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Қоғамдық Кеңестің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселесі бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлкасима Рамазанқызы Сүйінтаева хабарлама жасады.

Ол облыстық бюджетті нақтылауына республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің (кредиттердің) тізімін ұсынды, жалпы соммасы – 17 701 368,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер 11 347 471,0 мың теңгені құрайды, олар:
• мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға– 6 637 600,0 мың теңге;
• әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек нарығын дамыту – 4 067 651,0 мың теңге, оның ішінде 3 585 123,0 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге.
Дамуға нысаналы трансферттер – 6 353 897,0 мың теңге құрайды, оның ішінде:
• коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және қайта жаңартуға 2 700 000,0 мың теңге;
• "Ауыл-Ел бесігі" арнайы жобасы -1 205 044,0 мың теңге;
• сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға - 1 039 478,0 мың теңге;
• көлік инфрақұрылымын дамытуға – 600 000,0 мың теңгеден астам;
• бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға – 371 643,0 мың теңге.
Сонымен қатар Г.Р.Сүйінтаева облыстық бюджетті нақтылауына ұсынылатын шығыстардың тізбесін ұсынды, шығындардың жалпы сомасы – 5 061 623,0 мың теңге, оның ішінде:
 құрылыс басқармасы – 1 933 559,0 мың теңге (инженерлік желілер салу және абаттандыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жалға берілетін үй құрылысы және т.б.);
 жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 990 153,0 мың теңге ("Батыс-2" м.а., Заречный -3, 4 тұрғын үй алабында автомобиль жолдарының құрылысы және т.б.);
 дене шынықтыру және спорт басқармасы – 781 621,0 мың теңге (Мұз айдынының құрылысы және пайдалануға беру, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға және т.б.);
 энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармасы- 400 000,0 мың теңге астам сумен жабдықтау нысандарының, жылумен жабдықтау желілері құрылысына және т.б.;
 кәсіпкерлік басқармасы - 300 000,0 мың теңге;
 жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы -мұқтаж мүгедектердi, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға 100 000,0 мың теңге және т.б.
Талқылау барысында депутаттар мемлекеттік міндеттемелері облыстық мәслихат сессияда бекітілмеген Ақтөбе қаласындағы Мұз сарайының жобасы бойынша қаржы бөлуіне қатысты мәселелерді көтерді және де үй маңындағы аумақтарды абаттандыру, кешенді тазарту құрылыстарын, мектептер салу, әлеуметтік сала нысандарын газдандыру, аудандардағы тұрғын үйлерді қайта жаңарту мәселелері қаралды.
Депутаттардың гуманитарлық колледждің спорттық және акт залдарын салу, Мәртөк ауданындағы Жайсаң көпсалалы колледжін газдандыру, мүгедек көмекшісінің еңбекақысын көтеру, шағын және орта бизнес несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және басқа да мәселелер бойынша ұсыныстары қолдау тапты.
Аталған мәселе бойынша қорытынды жасау үшін облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Аркадий Юрьевич Ниге сөз берілді.
Қорытындысында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы тиісті шешім қабылдады.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының соңында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин сөз сөйледі.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 27 28
29 30