Тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы

130319Бүгін облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріжөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитеті Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары С.Г.Ерғалиев депутаттар алдында «Тарифтерді төмендету бойынша шаралар туралы (электр қуаты, көмір, жылу-, су-, газбен жабдықтау, кәріз құбыры, телефон байланысы, интернет, лифттердің қызмет көрсетуі, қоқыс шығару және т. б.)» мәселесі бойынша хабарлама жасады.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.