Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына

Облыстық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы 2019 жылғы 1 наурызда сағат 09.30-да (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді.

Күн тәртібі:

1. 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты хатшысының есебі туралы.

2. 2018 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы.

Хабарламашы: С.Т.Төленбергенов – облыс әкімінің орынбасары

3. Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №347 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева - экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы

3. Ақтөбе қаласының ауылдарын тұрғын үй алаптарына қайта құру туралы.

Хабарламашы: Ұ.А.Мыңбаев – Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер қабылдау туралы.

Хабарламашы: Ә.Ә.Қалиев – денсаулық сақтау басқармасының басшысы

М.Ж.Махамбетов – дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Л.А.Оразбаева – білім басқармасының басшысы

5. Басқа да мәселелер.

Қажетті ақпаратқа барлығының қол жеткізуі үшін, облыстық мәслихат сессиясының жалпы отырысы 2019 жылғы 1 наурызда сағат 09.30-да мына электронды сілтеме бойынша тікелей трансляцияда көрсетіледі.

Облыстық

мәслихаттың хатшысы С.Қалдығұлова