Облыстық Қамқоршылық кеңесінің бірінші отырысы

3101192019 жылғы 31 қаңтарда С.М.Қалдығұлованың төрағалығымен облыстық Қамқоршылық кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңесі – білім беру ұйымын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.
Отырыста Қамқоршылық кеңесінің құқықтық-нормативтік құжаттарымен танысу, Қамқоршылық кеңес мүшелерінің міндеттерін бөлу мәселелері талқыланып, 2019 жылғы жұмыс жоспары бекітілді. Отырыс барысында Қамқоршылық кеңес мүшелері күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстарымен бөлісті.


Бүгінгі таңда жалпы облыс бойынша 367 білім беру ұйымында Қамқоршылық кеңестері қызмет етеді.
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» ҚР "Білім туралы" Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес ҚР Білім министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы негізінде әзірленіп, бекітілді.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Қаңтар 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30