Баспасөз хабарламасы

150219-12019 жылғы 14 ақпанда, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркепов төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

 


«Ақтөбе облысында жедел медициналық жәрдемнің жай-күйі және даму перспективалары туралы» мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Әсет Әскерұлы Қалиев баяндады. Оның айтуынша, облыс әкімінің қайта құрылымдау туралы қаулысына сәйкес 01.02.2019 жылдан бастап аудандық жедел медициналық көмек (ЖМК) бөлімшелері «Первая помощь» (Алғашқы жәрдем) ЖШС-не берілді.
Жол картасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 01.01.2019ж. бастап Ақтөбе қалалық емханаларында 4-санатты шұғыл шақыруларға қызмет көрсету үшін тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімшелері ашылды.
Бүгінгі күні Ақтөбе облысының тұрғындарына ЖМК 67 бригадасы, оның ішінде 15 облыстық аудандық бөлімшелердің фельдшерлік бригадалары (ОАА) және 16 қалалық алғашқы медициналық - санитарлық көмек көрсететін ММ жанында қызмет етеді.
Ақтөбе қаласы бойынша тәулік бойы 52 дәрігерлік-фельдшерлік бригада жұмыс істейді.
Жыл басындағы қызмет көрсетілетін халық саны облыс бойынша 868 964 адам, Ақтөбе қаласында бойынша 509583, яғни облыс бойынша да, қалада да бригадалардың және автокөліктердің саны талап етілетін нормативке сәйкес келеді. 1 көшпелі бригадасы бар санитарлық автомобиль 10 мың тұрғынға есептеліп енгізіледі.
Қалада қызмет көрсету радиусы максималды түрде кейбір бағыттарда ғана 35 км, аудандарда орташа алғанда 14,5 км. Радиус аумағы жалпы алғанда 15 минут.
2018ж. қызмет көрсетілген шақырулар саны облыс бойынша 284071 (2017ж. - 27065), 9,5% - ға өсті. Қала бойынша қызмет көрсетілген шақырулар саны – 205270.
2018 жылға 1 – санатты шақырту қала бойынша 5,7 мин,; 2 – санатты шақырту 9,2 мин,; 3 – санатты шақырту 11,3 мин. Және 4 – санатты шақырту 15,9 мин. құрады. Облыс бойынша 1 - санат бойынша шақырту 8,7 мин.; 2 - санат бойынша шақырту 8,9 мин.; 3 – санат бойынша шақырту 11,7 мин. және 4 - санат бойынша шақырту 14,2 мин. Бекітілген норматив бойынша 1-санат бойынша - 10 мин; 2-санат - 15 мин; 3-санат - 30 мин; 4 – санат - 60 мин.
2018 жылы кешігу саны 2017 жылмен салыстырғанда оң динамикаға ие: Ақтөбе қаласы бойынша 7260 жағдайдан (3,9%) 1138 – ге дейін (0,6%), облыс бойынша - 8171-ден (3%) 1535-ке дейін (0,5%), бұл материалдық-техникалық базаның жақсаруымен, дәрігерлік - фельдшерлік бригадалардың шығуын бақылауды күшейту және дәрігерлік - фельдшерлік және жүргізуші құрамды тұрақты оқытуды жүргізумен байланысты.
Ақтөбе қаласында жұмыстың жеделдігі «IDEA» автоматтандырылған басқару жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Шақырулар орталықтандырылған түрде: "103" телефоны бойынша 6 (8 енгізу) қабылдау жүргізіледі.
Облыс бойынша жедел медициналық көмек бригадаларының медициналық жабдықтармен жабдықталуы 2018ж. – 90%, қала бойынша – 80%.
Аталған мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары облысымыздағы жедел медициналық жәрдемнің жай-күйі бойынша өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.

***
Дәл осы күні, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия отырысында 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №235 «Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы», 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №236 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы», 2010 жылғы 13- желтоқсандағы №337 «2011 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» және 2011 жылғы 12-қазандағы №415/328 «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» облыстық мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелері қаралды. Аталған мәселелер бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Н.Б.Аққұл және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары А.С.Абтиев хабарлама жасады.