Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл

150219Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары интернационалист – жауынгерлерді және олардың туыстарын Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай құттықтады. Қаза болған интернационалист - жауынгердің аналары Л.Ф.Шевцова, Н.И.Марченко, Г.У.Ивановаға және интернационалист-жауынгерлер Владимир Рябаконь мен Бекболат Ереновке барып, Ауғанстанда және басқа да "ыстық нүктелерде" борыштарын атқарғандары үшін алғыс білдірді.