Баспасөз хабарламасы

2012182018 жылғы 20 желтоқсанда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.


«ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламаның іске асырылуы және Ақтөбе облысына инвестиялар тарту стратегиясының қалыптастырылу барысы туралы» облыс әкімінің орынбасары Қ.Ә.Бекенов баяндама жасады.
Қ.Ә.Бекеновтың айтуы бойынша, индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында Ақтөбе облысында сомасы 256,3 млрд.теңгені құрайтын, 2,9 мың жұмыс орны пайда болатын 23 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде бүгінгі таңда 1350 жұмыс орнын құрумен 15 жоба пайдалануға берілді.
Сондай-ақ қалған 8 жоба жүзеге асырылу сатысында.
ИИДМБ-ның негізгі нысанылы индикаторлары болып табылады:2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңірдің өңдеу өнеркәсібі өнімнің экспорт көлемі 900 млн.АҚШ долл. құрады.
Облыстың өңдеу өнеркәсібінің экспорты бойынша Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Ақтөбе рельс арқалық зауыты, Ақтөбе хром қосылыстары зауыты көшбасшылар болып табылады.
Ақтөбе облысының өңірлік инвестициялық стартегиясын қалыптастыру бойынша, 2018 жылдың қаңтарында «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ және «Ақтөбе ӘКК» АҚ-мен бірлесіп Ұлттық инвестициялық стратегияға сәйкес 2018-2022 жылдарға арналған өңірлік стратегия әзірленді. Оның мақсаты облыста қолайлы инвестициялық климат жасауға, оның тұрақты әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамуын қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған облыстың инвестициялық саясатын қалыптастыру болып табылады.
Мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселе бойынша қаулы қабылдады.
***
Дәл осын күні, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркеповтың төрағалық етуімен, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын және тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарын іске асыру туралы» тақырып бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы түрінде көпшіліктік тыңдау өткізілді.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бірінші болып жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Орынбасарұлы Отаров хабарлады. Оның айтуынша, жұмыспен қамту мәселелерін шешу үшін облыста Ақтөбе қаласы және аудандар аясында 2018 жылға арналған Кешенді жоспар құрастырылып, 44015 адамды жұмыспен қамтудың шараларымен қамтамасыз ету жоспарланды.
2018 жылдың 14 желтоқсанына Кешенді жоспардың орындалуы 105% - ды немесе 46 110 адамды құрады. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» Бағдарламасын іске асыруға жалпы сипаттағы трансферттер мен республикалық бюджет есебінен 7,4 млрд.теңге бөлініп, есепті кезеңге қаржыландыру жоспарына сәйкес 6,1 млрд.теңге игерілді.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша:
- техникалық және кәсіптік оқытуға а.ж. қыркүйек айынан 1085 адам кірісті.
- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2289 адам жоспарланып, есепті кезеңге 2669 адам оқуға жолданды. Соның ішінде жұмыс беруші оқу орталықтары арқылы 493 адам жіберілді. Кәсіптік даярлау 24 колледждермен және 11 жұмыс берушілер жанындағы оқу орталықтарында 60-тан астам мамандықтар бойынша жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанына 2214 адам оқуды аяқтап, 1674 адам жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша:
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуды 2231 адам аяқтап, сертификаттарын алды немесе жоспардың 100%.
Олардың ішінен қазіргі уақытта 581 адам бизнес жоспарларын қорғап,439-ы шағын несие алды.
Бағдарламаның үшінші бағыты аясында:
Жұмыспен қамту органдарының ықпалымен барлығы 26196 адамды, соның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 1513 адам жұмысқа орналастыру жоспарланды.
Есепті кезеңге тұрақты бос жұмыс орындарына 25 974 адам жұмысқа орналастырылды немесе жоспардың 99,2 %-ы, соның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 2172 адам жұмыспен қамтылды.
Екінші болып, кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Нұрлыбекқызы Даржанова баяндады. Оның айтуынша, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы, шағын несиелендіруге Республикалық және жергілікті бюджеттен 1055,6 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде «5 әлеуметтік бастамаға» 500 млн.теңге бөлінген. Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе қаласы және Хромтау моноқаласы бойынша 1 млрд.теңге 67 жобадан кем емес несиені қаржыландыру жоспарланып отыр.
Бағдарлама аясында, 19.12.2018 жылы қаражаттың игерілуі барысында - 72 жоба 782,2 млн.тг. мақұлданып, оның ішінде 565,3 млн.теңгеге 54 жоба несиелендірілген. Сол секілді, банктерде 302,3 млн.тг. 26 астам жоба қарастырылуда. ЕДБ орналастырылған барлық қаражаттың игерілуі – 81 %.
Сондай-ақ, кепілдендіру сомасы бойынша 36 жоба мақұлданып, оның ішінде 25 жоба кепілдендірілген.
Қаржы институттары мен екінші деңгейлі банктердегі бөлінген қаражатты уақытылы әрі нәтижелі игеру мақсатында желі кестесібекітіліп, апта сайын бақылауға алынып, қадағалануда.
Мәселені талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия тиісті ұсыныстар қабылдады.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31