Облыстық мәслихаттың депутаттық жұмыс тобының және тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы

0412182018 жылдың 4 желтоқсанында облыстық мәслихаттың Жұмыс тобының және бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті.
«2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасы туралы» мәселесі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Г.Р.Сүйінтаева хабарлама жасады.
Сонымен бірге комиссия отырысында «Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №217 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту Бағдарламасы туралы» облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №361 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» мәселелері және облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі қаралды.


Талқылау барысында депутаттар сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты. Аталған мәселелер облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын болады.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31