Құрметті қаржы саласының мамандары!


denvalutyСіздерді Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні мен қаржы саласы мамандарының кәсіби мерекесі күнімен құттықтаймын!
Осыдан 25 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары алғаш рет жаңа ұлттық валюта – төл теңгені қолына алған еді.
Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі Тәуелсіздік жылдарында құрылғаннан бастап негізгі халықаралық қаржы институттарының мойындауына дейін күрделі жолдан өтті.
Мұның бәріне еліміздің қаржы саласындағы мыңдаған жұмысшылардың еңбегімен қол жеткізілді. Бүгінде қаржыгер дегеніміз – ірі қаржы операциясын заң негізінде жүзеге асыратын заманауи маман.
Сондықтан адалдығымен, жауапкершілігімен, біліктілігімен, бюджеттік және салықтық заңнаманы жетік білетіндігімен ерекшеленетін қазақстандық қаржы жүйесіндегі мамандар еңбегін айтпай кетуге болмайды.
Қазақстанның қаржы саласында қызмет ететін барлық мамандарын бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасы амандығы мен рухани байлық тілеймін!

Құрметпен,

Ақтөбе облыстық
мәслихатының хатшысы С.Қалдығұлова