Баспасөз хабарламасы

071118-12018 жылғы 6 қараша, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары шақырылды.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.

КҮН ТӘРТІБІ

1.«2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 8 желтоқсандағы №217 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Хабарламашы: Г.Сүентаева - облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2. С.Ш.Орынбаевты Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі етіп тағайындау туралы.
Хабарламашы: С.Енсегенұлы – Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы.
Мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаулы қабылдап, аталған мәселелерді облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының қарауына енгізді.