Облыстық мәслихаттың жетінші шақырылымының бірінші сессиясы 2021 жылғы 14 қаңтарда сағат 11.30-да өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин, облыстық мәслихаттың VI шақырылымының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасарлары, сонымен қатар облыстық департаменттердің басшылары, Қоғамдық кеңестің төрағасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, облыстық сайлау комиссиясының мүшелері қатысты.
Облыстық мәслихаттың бірінші сессиясында мынадай мәселелер қаралды: «Облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау қорытындылары туралы» облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Г.Н.Күнбаеваның хабарламасы, сессия төрағасы және облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды, облыстық мәслихаттың бес тұрақты комиссиялары құрылып және олардың төрағалары бекітілді.
2020 жылғы 30 желтоқсанда Ақтөбе облыстық мәслихатында облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлованың төрағалығымен облыстық мәслихат депутаттарының Ақтөбе облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары М.С.Жұмағазиев және Б.Н.Қаниевпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында сенаторлар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2020 жылғы қызметі, қаралған заң жобалары туралы хабардар етті.
Кездесу соңында облыстық мәслихаттың бірқатар депутаттары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
2020 жылғы 11 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті қырық жетінші сессиясының жалпы отырысы №11 Абай сайлау округінен депутат Айтжанов Асхат Абдрахманұлының төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин қатысты.
Сессияға облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың мәслихат хатшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Бүгін депутаттық Жұмыс тобының және облыстық мәслихатытың әлеуметтік – мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы С.М. Қалдығұлова және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері қатысты.
2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік шығыстарының жобасы бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Қанапияұлы Исаев хабарлама жасады.
Денсаулық сақтау басқармасының шығыстарына 12 ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша барлығы 3 жылға 13 520 404,5 мың теңге қарастырылған, оның ішінде жылдар бойынша:
Бүгін депутаттық Жұмыс тобының және облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы С.М. Қалдығұлова және Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері қатысты.
2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік шығыстар жобасымен облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің хабарламалары тындалды:
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Е.Ибрашов хабарлама жасады.
Бүгін депутаттық Жұмыс тобының және облыстық мәслихатытың әлеуметтік – мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Комиссия отырысына Ақтөбе облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелері қатысты.
2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік шығыстар жобасымен облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің хабарламалары тындалды:
1. А.Ю.Юнисова мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы.
2. С.С.Мұқанов жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.
3. С.Е.Аманбаев еңбек инспекциясы басқармасының басшысы.
Талқылау барысында Жұмыс тобының мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары және Қоғамдық Кеңес мүшелері сұрақтар қойып, аталған басқармалардың 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік шығыстар жобасы бойынша ескертулер айтып, өз ұсыныстарын енгізді.
2020 жылғы 26 қазанда, №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Есіркепов Аманкелді Қабашұлының төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа тұрақты комиссиямүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары қатысты.
Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова қатысты.
2020 жылғы 22 қазанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы», облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Н.Тлеумұратов хабарлама жасады.
2020 жылғы 15 қазанда облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық алтыншы сессиясының жалпы отырысы №10 Абай сайлау округінен депутат Айтжанов Асхат Абдрахманұлының төрағалық етуімен өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин қатысты.
Облыстық мәслихаттың сессиясына Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, аудандардың мәслихат хатшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
2020 жылғы 8 қазанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Кеңейтілген отырысқа тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңес мүшелері, «Ақтөбе фермер орталығы» қоғамдық қозғалысының өкілдері және облыстық басқармалардың, департаменттердің басшылары қатысты.
Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова және облыс әкімінің орынбасарлары Р.Г.Хамбаров және М.Шермағанбет қатысты.
2020 жылғы 11 қыркүйекте облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
«Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жұмысы туралы» Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы - А.Д. Төлешев хабарлама жасады. Өз баяндамасында ол берілген бағыттағы жедел жағдайды нақты белгілеп, су тасқынына қарсы іс-шараларға тоқталды. Сондай-ақ, өрт сөндіру бекеттерін құру және жетілдіру бойынша кезең-кезеңмен жоспарды іске асыру бағдарламасын атап өтті.
02.09.2020 жылы облыстық мәслихат хатшысы С. М. Қалдығұлованың басшылығымен фермерлік шаруашылықтар мәселесі бойынша кезекті кездесу өтті. Күн тәртібінде уақытша комиссия құру және оның қызметінің аспектілері туралы мәселе тұрды. С.М. Қалдығұлова фермерлер қызметінің өзара қарым - қатынас механизмі- "Табыс" нарығын қысқаша белгілеп,сондай-ақ екі тараптың ынтымақтастығын оңтайландыруға әкелуі мүмкін ұсыныстармен таныстырды. Бірден комиссия төрағасы мен орынбасарының кандидатуралары бойынша мәселе қойылды. Сайлау қорытындысы бойынша комиссия төрағасы болып облыстық мәслихаттың депутаты Т.Талаева, орынбасары А.Даржанова Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры сайланды.
Сіздерді ел тарихындағы елеулі мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Ата Заңымыз жарқын болашаққа апаратын айқын жолымыз, арқа сүйер асқар тауымыз, ардағымыз, айбарымыз.
Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз - Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін.
Осындай айтулы күн бізді рухтандырып, Қазақстанды одан әрі дамытуға шабыт беріп, жаңа мүмкіндіктер сыйласын!
Елдігіміздің тұғыры, тәуелсіздігіміздің тірегі - Ата заңымыз мәңгілік болсын!
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық, әрбір шаңыраққа құт-береке тілеймін!
С.Қалдығұлова
2020 жылғы 26 тамызда, №28 Қобда сайлау округінен депутат Хайдар Жадитұлы Ілиясовтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырыс жұмысына тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова қатысты.
20 тамызда облыстық мәслихат депутаты Х.Ж. Ильясовтың төрағалығымен құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және цифрландыру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті.
Комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М. Қалдығұлова және облыс әкімінің орынбасары Р.Г. Хамбаров, қала әкімі А.Б. Шахаров қатысты.
Осы мәселені талқылау барысында қаланы дамыту инфрақұрылымына қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, жол қызметтерінің, қаланы санитарлық тазалаумен айналысатын мердігер ұйымдардың, ЖПК-нің және тікелей қала азаматтарының, сондай-ақ шағын және орта бизнес мекемелерінің жұмыстары туралы айтылды.
2020 жылғы 18 тамызда, №28 Қобда сайлау округінен депутат Хайдар Жадитұлы Ілиясовтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырыс жұмысына тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова және облыс әкімінің орынбасары Хамбаров Руслан Геннадьевич қатысты.
2020 жылғы 12 тамызда Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы өтті. Сенат депутаттарын таңдаушылар жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Қазақстан азаматтары сайлады.
Сайлау барысын бақылауға саяси партиялар, кандидаттардың сенімді өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Ақтөбе облысынан Қаниев Бауыржан Нұралыұлы сайланды, 1958 жылы туған – ол 79,89 пайыз дауыс жинады.
Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз - бұқаралқ ақпарат құралдары өызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!
Сіздің масасыз да қажетті мамандықтың өкілдері әрдайым оқиғалардың қалың ортасында болуымен, өмірге деген белсенді қатынастарымен, ең өткір мәселелерге жауап таба білуімен ерекшеленіп келеді. Газет беттеріндегі, радио және теледидар хабарларындағы өзара іс-қимыл, тығыз байланыстардың арқасында, қызықты очерктер, өзекті репортаждар және публицистикалық материалдар үнемі жарық қөріп отырады.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің тәжірибесі, біліктілігі және іске жауапкершілігі қазақстандық журналистиканың үздік дәстурлерін алдағы уақытта да одан әрі нығайтұға қызет ететіндегіне сенімдімін.
Сізге мықты денсаулық, береке және шығармашылық табыстар тілеймін!
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы С.М.Қалдығұлова