• 050717

    Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары облыстық мәслихаттың депутаттарымен бірге Ақтөбе қаласындағы «Нұр сити» ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысы, 41 разъездегі мектептің құрылысы нысандарында болды

  • 300617

    2017 жылғы 30 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясының жалпы отырысына етті

  • 280617

    2017 жылғы 28 маусымда Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті

  • 270617

    Облыстық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 200617

    2017 жылғы 19 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясының жалпы отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова төрағалық етті

  • 170617

    Медицина қызметкері күні Ақтөбе қаласында Қазақтандағы алғашқы Денсаулық саябағы ашылды


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысының баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 17 мамырда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақтағанұлы Биахметов, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Облыс әкімдігінің 2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру туралы есебі» мәселесі бойынша қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Амандуллаұлы Өнербаев хабарлама жасады.


2016-2018 жылдарға бекітілген және 2016 жылдың бюджеті атқарылуы барысында нақтыланған облыстық бюджет, қолдағы тиісті нақтыланған көрсеткіштерден кірістер бойынша 106,3 пайызға, алынған ресми трансферттер бойынша 99,4 пайызға орындалды.
2016 жылғы облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 99,6 пайызға игерілді, түзетумен жоспарланған 158 401 930,5 мың теңгеден 157 846 027,4 мың теңге игерілді.
Есепті жылда бюджетті орындау барысында басты міндет әлеуметтік-маңызды шығыстарды уақытылы орындау бойынша қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету болғандығын атап өтті.
2016 жылы мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбек ақылары бойынша шығыстарды уақытылы және толық қаржыландыру қамтамасыз етілді.
Функционалдық топтар бөлінісіндегі орындалу: тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен денсаулық сақтау бойынша - 18%, білім беру - 12%, ауыл шаруашылығы - 7%, қоғамдық тәртіп және көлік, коммуникация - 4%, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету - 3% құрады.
Осыдан басқа, республикалық бюджеттен жалпы сомасы 76 581 422,0 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді, соның ішінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының аясында инфрақұрылым мен тұрғын-ұй коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамту іс-шараларын іске асыруға, елді мекендердің автомобиль жолдарын және көшелерді күрделі жөндеуге, индустиралды инфрақұрылымды дамытуға, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдауға, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының аясында инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мемлекеттік білім беру тапсырыстарын іске асыруға, денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жаңартуға, газ тасымалдау жүйесін дамытуға, жылу энергетика жүйесін дамытуға, инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және сатып алуға бөлінді.
Республикалық бюджеттен тұрғын үй салуға және сатып алуға, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру және кәсіпкерлікті дамытуды қолдау үшін кредиттер бөлінді.
2016 жылы облыстық бюджет шығыстары 15 функционалдық топтар қимасында, 260 бюджеттік бағдарламалар бойынша 30 әкімшілік мемлекеттік органдарымен жүргізілді.
Бекітілген жоспар (107 116,5 млн.теңге) 34 075,4 млн.теңгеге өсімді құраса, түзетілген бюджет жоспарының шығындары 141 191,9 млн. теңгені құрады.
2016 жылдың аяғына шығындар бойынша 555,9 млн. теңге орындалмаған, оның ішінде, мемлекеттік сатып алу бойынша бюджеттік қаражаттың үнемделуі – 116,6 млн. теңге, үнемделген еңбекақы қоры бойынша – 31,6 млн. теңге, конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеуінен – 96,7 млн. теңге, келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауынан - 84,5 млн. теңге, аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша - 226,5 млн. теңге.
Талқылау барысында депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, ескертулер жасады және ұсыныстар берді.