• 080917 правопорядок

    2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихатта, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалығымен өтті

  • 080917 13 сессия

    2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының жалпы отырысы №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен өтті

  • 310817 прием

    Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдады

  • 310817 комиссия

    2017 жылғы 29 тамызда облыстық мәслихатта, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

  • 290817

    2017 жылғы 28 тамызда облыстық мәслихатта, құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 12 мамырда облыстық мәслихатта, құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және Ақтөбе облысының қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысы №4 Мясоедов сайлау округінен депутат Марат Серғазыұлы Итеғұловтың төрағалығымен өтті.
Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Мұратбекұлы Бексары, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


«Ақтөбе қаласындағы автомобиль жолдары, суағарлар мен нөсерлік кәріздердің жағдайы және жөндеу мен күтіп-ұстау бойынша шаралар туралы» Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Сапарбекұлы Испанов хабарлама жасады.
«Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі 2016 жылы 43 жобаны жүзеге асыруға, оның ішінде 4 жоба 2015 жылдан ауыспалы нысандар, 3 нысан күрделі жөндеу бойынша, 33 нысан орташа жөндеу бойынша бюджеттен 3,1 млрд.теңге қаражат бөлінгендігін хабарлайды. 2016 жылы жөнделген жолдың жалпы ұзындығы 36,4 шақырымды құрайды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 12,4 шақырымға артық.
Және де аяқталу мерзімі 2017 жыл болып жоспарланған 4 күрделі жөндеу бойынша нысандар және 3 нысанның құрылысы бойынша жұмыстар басталды.
Сонымен қатар жалпы ұзындығы 40,2 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолдарының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 4 есеге көп.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 100 млн.теңгеге асфальт жамылғысы жоқ 26 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
2016 жылы жолдардың жөндеу жұмыстарымен қатар ұзындығы 2,2 шақырымды құрайтын 5 көшенің суағар жүйесінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілді. Жұмыстар Ғ.Жұбанова, 101 атқыштар бригадасы, Иманов, Сәңкібай батыр, М.Оспанов көшелерінде жүргізілді.
2017 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар жүйелі түрде суағар жүйесінің құрылысы бойынша келесідей көшелерде жүргізіледі: З.Космедемьянская, Ливенцов, Папилов, М.Маметова көшесінен Әбілқайыр хан даңғылына дейінгі Капитан бриг аумағында, Ағ.Жұбановтар көшесі бойында Пацаев көшесінен Бейбітшілік даңғылына дейін, Ембі көшесі, Ағ.Жұбановтар көшесі бойында Ғ.Жұбанова көшесінен М.Оспанов көшесіне дейін, Ақтөбе көшесі бойында Пожарский көшесінен Бейбітшілік даңғылына дейін, Пожарский көшесінен Қобда тас жолына дейін.
Ағымдағы жылы төменде көрсетілген мекен-жайлар бойынша су құбырларын жөндеу жұмыстары жоспарланған. Олар: «Батыс-2» мөлтек ауданы, Жүргенов көшесі, Қарасай батыр көшесі, Ряхов көшесі, Кленовая көшесі, Жазықов көшесі, Солнечная көшесі, Эмбенская көшесі, Турксиб көшесі, Вокзальная көшесі, Наумов көшесі, Білтабанов көшесі, Бауман көшесі, Бақтыбай батыр көшесі.
Талқылау барысында депутаттар, Қоғамдық кеңестің мүшелері сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті қаулы қабылданды.