• 15 сессия

    2017 жылғы 08 желтоқсанда облыстық мәслихаттың кезекті он бесінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 061217-2

    2017 жылғы 6 желтоқсанда облыстық мәслихатта, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

  • Д.А.Р

    Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова «Д.А.Р.» волонтерлер клубының 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға қатысты

  • 061217

    2017 жылғы 05 желтоқсанда құрамында облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық және қалалық кәсіпкерлік басқармасының, «Ақтөбе» ӘКК» АҚ және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылары бар, бейберекет сауда орындарын анықтау және жою бойынша Жұмыс тобы Ақтөбе қаласындағы бейберекет сауданың проблемалық орындарын тексерді

  • 041212

    Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Ақтөбе облыстық мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді

  • 021217

    Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысының баспасөз хабарламасы


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Құрметті сайт оқырмандары!

2017 жылғы 08 қарашадан бастап облыстық мәслихатта (201 бөлме), облыстық бюджетті қарау бойынша Жұмыс тобының облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларымен «Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2018 жылға арналған бюджеттік шығыстарының жобалары туралы» мәселені бірлесе қарау отырыстары басталады.

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 20 сәуірде облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен өтті.
Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Сабырұлы Жұмағазиев, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі «2017 жылдың көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша атқарушы органдардың жұмыстары туралы» мәселе бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының м.а. Қ.І.Сарсембай хабарлама жасады.


Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы егістігі 641,7 мың га алқапқа жоспарланды былтырғы жылмен салыстырғанда 74,2 мың га артық, соның ішінде 383,9 мың га дәнді дақылдар, 40,6 мың га майлы дақылдар, 205,9 мың га мал азығы дақылдары (92,4 мың га ағымдағы жылы егілетін шөптер және 113,5 мың га өткен жылдардағы көпжылдық шөптер), 6,13 мың га картоп және 5,17 мың га көкөніс-бақша дақылдары.
Ағымдағы жылдың егісіне 196,6 мың га жер дайындалған немесе ағымдағы жылдың егісінің 31% құрайды, оның ішінде
63,2 мың га сүдігер және 133,4 мың га сүр.
Ағымдағы жылы аудандық әкімдіктердің мәліметтеріне сәйкес суармалы жерлер 18,3 мың га-дан 21,5 мың га-ға дейін өсуі жоспарланады.
Үнемі суармалы жерлерді қалпына келтіру мақсатында жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлініп,өткен жылы 8,9 мың га және биыл 10,6 мың га алқапқа жоба-сметалы құжаттамалар әзірленді.
Жалпы ағымдағы жылы 19,5 мың га инфрақұрылым өткізу мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп, алдағы 2 жылда қолданыстағы суармалы жерлердің көлемі 40,0 мың га дейін жеткізіледі.
Тұқымдармен қамтамасыз ету:
Дәнді дақылдар:Ақтөбе қаласының және аудан әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес 39,3 мың тонна қажеттілік болса, облыс бойынша 40,7 мың тонна яғни қажеттіліктің 103,6% құрайды.
Жалпы облыстың аудандары барлық ауыл шаурашылығы дақылдарының тұқымдарымен толық қамтамасыз етілген.
Облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында барлық аудан әкімдіктерімен бірлескен жұмыс нәтижесінде облыс бойынша 11,3 мың тонна төмен репродукциялы тұқымдары толық көлемінде жоғары репродукциялы тұқымдарға ауыстырылды.

Техникалардың дайындығы және ЖЖМ қамтамасыз етілуі:

ҚР АШМ тарапынан 2017 жылдың көктемгі далалық жұмыстарын жүргізу үшін қажетті 8 800 тонна дизель отыны бөлінді. Дизель отынын жеткізіп, өткізу бойынша оператор болып «Батыс Жер» ЖШС анықталды. Дизель отынының бағасы облыс шаруашылықтарына бір литрі 113 теңгеден, бұл баға нарықтағы бағадан 17 теңгеге немесе 13%-арзан. Бұл баға Республика бойынша ең төмен бағаның бірі (Павлодар мен Шымкентте баға 109 теңгені құрайды, себебі осы қалаларда МӨЗ орналасқан).
Көктемгі далалық жұмыстарын жүргізу барысында 6 857 бірлік тракторлар жұмыс жүргізетін болады, олардың 99% жұмыс жүргізуге дайын, 77 бірлік кешендер (100%), 2 350 бірлік тұқым сепкіштер (99%), 1 589 бірлік жер өңдейтін техникалар (99%) және 1 521 бірлік жүк автокөліктері (99%).
Көктемгі егін егу жұмыстарына техникаларды дайындау жұмыстары жалғасуда.
Жалпы ауылшаруашылығы техникалары мен бөлінген дизель отыны егін жұмыстарын уақытылы жүргізуге жеткілікті.
Топырақтың ылғалдылығы:
РММ «КазГидроМет» мәліметіне сәйкес, орташа жауын шашының түсуі 2016 жылдың қазан айынан бастап
2016 жылдың наурыз айына дейін қажетті мөлшері 119,7 мм болса, іс жүзінде 137,2 мм түсті, бұл 115% құрайды.
Дәнді дақылдарды егетін негізгі аудандарда ылғалдың көрсеткіші Хромтау ауданында – 187,7 мм (мөлшер 176,0 мм), Қарғалы ауданында – 191,1 мм (мөлшер 133,0 мм), Мәртөк ауданында – 169,9 мм (мөлшер 175,0 мм), Ақтөбе қаласында – 181,7 мм (мөлшер 109,0 мм), Алға ауданында – 52,6 мм (мөлшер 114,0 мм) және Әйтеке би ауданында – 141,2 мм (мөлшер 97,7 мм).
Қардың көптігінен еру кезеңінде топырақтағы ылғал қорының ұлғаюы мүмкін.
Мемлекеттік қолдау:
Ағымдағы жылы өсімдік шаруашылығын қолдауға 1 297,8 млн.теңге субсидия бөлінді, оның ішінде:
 Минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға 38,4 млн. теңге, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3% немесе 1,1 млн. теңгеге ұлғайып отыр (2016 жылы 37,3 млн. теңге бөлінді).
 Гербицидтерді субсидиялауға 192,8 млн. теңге, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 138,6% немесе 112,0 млн. теңгеге ұлғайып отыр (2016 жылы 80,8 млн. теңге бөлінді).
 Тұқым шаруашылығын субсидиялауға 82,4 млн. теңге бөлінді;
 Гектарлық субсидиялауға 937,4 млн. теңге бөлінді;
 Жабық топырақтағы көкөніс өнімдерінің өндірісін субсидиялауға 45,0 млн. теңге бөлінді;
 АШТӨ су беру қызметтерінің құнын субсидиялауға 1,8 млн. теңге бөлінді.
Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ
арқылы 600,0 млн. теңге бөлінді. Көрсетілген қаражат облыс шаруашылықтарымен игерілуде.
Сондай-ақ, облыстағы ауылшаруашылығы құрылымдарымен егін жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК » АҚ несие қаражаттарымен қолдану мүмкіндігі бар.
Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстардын нәтижесінде биылғы көктемгі далалық жұмыстарын уақытылы өткізуге мүмкіндік бар.
Күн тәртібіндегі «Ақтөбе облысындағы орман шаруашылықтарының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жағдайы туралы» мәселе бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Н.Б.Аққұл хабарлама жасады.
Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қарамағына 7 мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесі қарайды.
Орман қорының жалпы аумағы 215414 га, соның ішінде орман көмкерілгені 47946 га құрады. Орман қорының орманмен көмкерілген ауданы 2015 жылғымен салыстырғанда 1213 гектарға артты. Бұрын отырғызылған 422 га екпелері орманды алқапқа ауыстырылды (Үлкен борсық – 90 га, Мәртөк – 76 га, Темір – 90 га, Ойыл – 99 га және Қобда - 67га), сонымен қатар Ойыл орман шаруашылығымен 791 га табиғи орман алқаптары орман қорына кірістелді.
Ақтөбе және Қарабұтақ орман шаруашылықтарында орман өсіру жұмыстарының 5 жылдық жұмыстарының нәтижесіздігі салдарынан екпе ормандары стандарқа жетпей орманды алқапты көбейту шаралары орындалмай отыр. Сонымен қатар Ақтөбе орман шаруашылығында орманды алқапты көбейту көрсеткіші 2012 жылдан бері орындалмай келеді.
Мемлекеттік орман қорына қосылмаған ормандарды алу бағытында өткен жылы Ойыл орман шаруашылығы ғана жұмыс атқарып 790 га жаңа орман қосты.
2012 жылы «ГИС-Терра» ЖШС зерттеулері бойынша мемлекеттік орман қоры жерлеріне кірмеген орманды және орман молайтуға арналған 72 000 га алқаптарды орман қорына қосу бағытында жұмыстар атқарылып, 15016 га орман қорына кірістелді (Ақтөбе – 1487 га, Үлкен борсық – 4030 га, Қарабұтақ – 1608 га, Мәртөк – 121 га, Темір – 2257 га, Ойыл – 4258 га, Қобда – 1255 га). Оның ішінде есепті жылы 4769 га кірістелді (Үлкен борсық – 2073 га, Ойыл – 1441 га, Қобда – 1255 га) Ақтөбе, Қарабұтақ, Мәртөк, Темір орман шаруашылығы мекемелерінде бұл бағыттағы жұмыстар есепті жылы орындалмаған.
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерде есепті жылы 380 жұмысшы бар (2015 жылы – 360 адам). 2016 жылы «Ормандарды күзету, қорғау орман өсіру мен молайту» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен 299020,0 мың теңге және республикалық трансферттер есебінен 82401,0 мың теңге бөлініп, барлық қаржыландыру 381421,0 мың теңгені құрады және игерілді (2015 жылы - 323697,0 мың теңге). Ақылы қызмет көрсетуден түскен 42801,3 мың теңге түсірілді, оның 6907,2 мың теңге сүрек сатудан түссе, 35894,1 мың теңгесі көшет сатудан түсірілді (2015 жылы – 19474,0 мың теңге түсірілді, оның 16317,0 мың теңсесі көшет сатудан және 3157,0 мың теңгесі сүрек сатудан түсті). Ақылы қызмет көрсету арқылы қаржы түсіру жоспарын барынша мол орындаған Ақтөбе орман шаруашылығы – 18548,7 мың теңге болса, мейлінше төмен көрсеткіштерді Қарабұтақ – 1684,0 мың теңге және Ойыл орман шаруашылығы – 2072,0 мың теңге көрсетті (Үлкен борсық – 3724,8 мың теңге, Мәртөк -6473,3 мың теңге, Темір 5874,5 мың теңге, Қобда – 4424,0 мың теңге).
2016 жылы орман шаруашылықтарымен 28,7 га болатын тәлімбаққа тұқым егіліп (2015 жылы – 18,07 га), 4814,8 мың дана стандартты екпе материалдары өсірілді (2015 жылы – 3704,6 мың дана), өсірілген екпе материалдарының түрі 16–дан 31-ге дейін көбейтілді, дегенмен терек, үйеңкі, шаған, қарақат, жиде, қарағаш, долана мен бөріжидек түрлерінен басқа көшеттер саны аз мөлшерде. Екпе материалдарын өсіру көрсеткіші бойынша жоғары нәтижелерге Мәртөк, Ақтөбе және Темір орман шаруашылықтары жеткізсе, төмен көрсеткіштерді Қарабұтақ және Қобда орман шаруашылықтары көрсетті. Көгалдандыру мақсатында көшет өсіру бойынша белсенді жұмыс істеген Мәртөк – 27,0 мың дана, Ақтөбе – 19,7 мың дана, Темір – 14,0 мың дана өсірсе, Қобда – 4,2 мың дана, Қарабұтақ – 3,5 мың дана, Үлкен борсық – 2,2 мың дана және Ойыл – 1,5 мың дана көшет өсіріп төмен көрсеткіштерге ие болды.
Мемлекеттік орман қоры жерінің 850 га аумағына орман ағаштары отырғызылды.
Орман алқаптарын күту жұмыстары 7884 га алқапта, 393,5 га алқапта топырақ дайындау, 2081,2 мың дана екпе материалдарын қазу және орман өсіру бойынша басқадай ілеспе жұмыстар атқарылды.
Есепті мерзімде орман екпелерінің шығымдылығы 68,1% құрады, есептен шығарылған орман екпелері болған жоқ.
Орман, дала өрттерінің алдын алу мақсатында мемлекеттік орман қоры жерлеріне 21 панно орнатылды, 1737 км өрттен қорғайтын минералдық жолақтар салынды, 21937 км болатын минералдық жолақтарға күтім жұмыстары жүргізілді, өртке қарсы маңызды 230 км жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық өртке қарсы шаралар жоспарға сәйкес толық орындалды. Осындай өрттің алдын алу шараларын жүргізуге байланысты 2016 жылы өрт жағдайлары тіркелген жоқ
Орман зиянкестеріне қарсы улау жұмыстары 583 га алқапта орындалды, оның ішінде: Темір орман шаруашылығында 340 га, Ақтөбе орман шаруашылығында 243 га (2015 жылы – 1035 га алқапта орындалды).
Орман заң бұзушылықтарын анықтау және оған дер кезінде тосқауыл қою бағытында жұмыстар әлсіз жүргізілуде. Мемлекеттік орман күзетімен орманды күзету мақсатында 86 рейд жүргізіліп, орманды заңсыз кесу бойынша 6 заң бұзушылық анықталды. Барлық заң бұзу жағдайы бойынша қылмыстық істер қозғалып, сот шешімдерімен 98,7 мың теңге өндіріліп алынды..
Жергілікті бюджетке орман пайдаланудан түсімдер көлемі есепті жылы 901,7 мың теңгені құрады.
2015-2016 жылдары Қазақ орман орналастыру кәсіпорнымен Ақтөбе облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде кезекті орман орналастыру жұмыстары жүргізілді. Бұл соңғы 25 жыл ішінде облысымызда орман шаруашылығы саласында жүргізілген жұмыстардың ревизиясы деп қарастырылады. Тексеріс нәтижесінде ормандарды отырғызу технологиясының сақталмауы, ормандарда күтімдік кесулердің төмен деңгейде жүргізілуі, орман қорғау жұмыстарының жүргізілмеуі нәтижесінде 12073 га қураған орман екпелері анықталды, яғни барлық орманды алқаптың 20,1%-ы қураған.
Ағымдағы жылы орман өсіру, молайту мен қорғауғау шараларын іске асыру үшін материалды – техникалық базаны нығайтуға 93,1 млн. теңге бөлінді, оның ішінде тракторлар сатып алуға 37,0 млн. теңге, агрегаттар сатып алуға 56,1 млн. теңге.
Өзекті мәселелер:
2015-2016 жылдары өткізілген орман орналастыру жұмыстарының нәтижесінде Ақтөбе облысының әкімдігіне қарасты мемлекеттік орман қоры аумағында 12073 га қураған екпе ормандар анықталды. Бұл 1960-70 жылдары отырғызылған қартайған, экологиялық және қорғаныштық функцияларын жоғалтқан қарағаш екпе ормандары. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бекітілген орман орналастыру жобасы бойынша бұл ормандар алдағы 3-5 жылдықта кесіліп шығарылу қажет.
Облысымыздың мемлекеттік орман қорының басым бөлігі екпе қарағаш ормандары құрайды. Қазіргі таңда ильмалық жапырақжегіш зиянкестері қарағаш ормандарына үлкен зиян келтіруде. Ағымдағы жылы улау жұмыстарына 15,0 млн. теңге көлемінде қаражат қажет.
Облыс әкімдігінің тапсырмасы бойынша қазіргі таңда орман тәлімбақтарының көлемін екі есеге дейін ұлғайтып, көшет өсіру жұмыстарын көбейту үстінде. Бұл жұмыстарды орындау үшін тәлімбақтарда уақытша жұмыс істеу үшін маусымды жұмысшылар жалдауға 30,0 млн. теңге қажеттігі туындап отыр.
Хабарламашылар мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихат депутаттарының сұрақтарына жауап берді. Талқылау қорытындысы бойынша комиссия сәйкесінше қаулы қабылдады.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30