• 230517-3

    2017 жылғы 23 мамырда облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен өтті

  • 230517-2

    2017 жылғы 23 мамырда облыстық мәслихатта, №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы ЕРҒАЗИНАНЫҢ төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 230517-1

    2017 жылғы 22 мамырда облыстық мәслихатта, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы №22 Мәртөк сайлау округінен депутат Аманкелді Қабашұлы Есіркеповтің төрағалығымен өтті

  • 19 мая 1

    Облыстық мәслихаттың депутаты С.Ә.Ізімбетов Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады

  • 20 лет школе Мугалим
  • ЖКХ


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 03 наурызда өткен облыстық мәслихаттың кезекті сегізінші сессиясының жалпы отырысына №12 Ауыл шаруашылығы сайлау округінен депутат Асқар Аманбайұлы САДЫҚОВ төрағалық етті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, облыс әкімінің орынбасарлары және облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қуаныш Далабайұлы Елубаев қатысты.


Сонымен қатар сессияға облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Күн тәртібінде «Ақтөбе облысының ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының есебі және 2016 жылға оның қызметін бағалау» туралы мәселе қаралды. Ақтөбе облысының жергілікті полиция қызметінің басшысы Қанат Советұлы Әлиевке баяндама жасады.
«Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның» 30 қадамында қарастырылған, Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша нәтижелер туралы хабарлады.
2016 жылдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 10 мың адамға есептегенде 9 пайызға төмендеді.
Тұтастай алғанда, негізгі көрсеткіштерге біз 2016 жылы қол жеткіздік. Атап айтқанда, көше қылмыстарының және жол қауіпсіздігінің көрсеткіштері әкімдерді бағалау жұмысы пікірлер тізбесіне енгізіліп қылмыстылықты аймақта алдын алу бойынша орындалды.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың оларға қабылданатын шаралардың арқасында төмендеуіне қол жеткіздік, яғни, кәмелетке толмаған қылмыстық жауаптылыққа тартылғандардың саны мен қылмыстар саны бойынша төмендеді.
Алайда, Қ.С.Әлиев атап өткендей, рецидивтік және жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша, алкогольдік масаң күйде және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы жасалатын қылмыстар, қоғамдық орындарда қылмыс деңгейін тұрақтандыру, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының өсуіне жол бермеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша мәселелер бар.
«Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысын дамытудың жағдайы мен келешегі туралы» құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төлеуғалиұлы Төленбергенов баяндама жасады. Депутаттар сұрақтар қойып, жауаптары алынды.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының шеңберінде Ақтөбе облысы бойынша 2016 жылға барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспары 478,9 мың шаршы метрді құрады.
2016 жылдың қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 616,6 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер (4953 пәтер) пайдалануға берілді, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 115,0%.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын дамытуға (35 жоба) 2017 жылы 7093,0 млн.теңге көлемінде қаражаттар бөлу қарастырылған.
Оның ішінде: 4505,8 млн тенге – Ұлттық Қордан; 1465,7 млн.тенге- республикалық қаражаттар есебінен және 1121,4 млн.тенге – жергілікті қаражаттар есебінен. Жылдың қорытындысы бойынша 270,4 шақырым электр қуатымен, газбен және сумен қамтамасыз ету желілерін пайдалануға беру көзделіп отыр.

«2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова есеп берді.
2016 жылғы 20 наурызда өткен, мәслихаттың алтыншы шақырылымына кезекті сайлаудан кейін, Ақтөбе облыстық мәслихатына 31 депутат сайланды.
Депутаттық корпустың жаңартылған құрамында 4 партияның өкілдері бар, соның ішінде «Нұр Отан» партиясының мүшелері 28, «Ауыл», «Ақ жол», «Бірлік» партияларынан 1 өкілден.
Ұлттық құрамы бойынша қазақ -26, украин – 2, орыс – 1, неміс -1, корей – 1.
Депутаттық корпуста 7 әйел, депутаттардың жалпы санының 22,5% құрайды.
Депутаттардың орташа жасы – 51.
12 адам (38,7%) алғаш рет облыстық мәслихаттың депутаты болып отыр.
Облыстық мәслихатта 2 депутаттық бірлестіктер бар, олар «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі депутаттық тобы.
Облыстық мәслихатқа әртүрлі саланың өкілдері кірді. Депутаттардың жалпы санының ішінде 23 адам – бизнес, коммерциялық құрылымдардың өкілдері, 4 адам – білім, денсаулық сақтау саласының өкілдері, 3-еуі – қоғамдық бірлестіктердің басшылары, 1-еуі – мемлекеттік мекеменің басшысы.
Мәслихаттың негізгі жұмыс нысаны сессиялық қызмет болып табылады. Есепті кезеңде 7 жалпы отырыстар өтті, соның ішінде 4 кезекті және 3 кезектен тыс сессиялар.
Сессияда 17 басқарманың басшылары есеп беріп, хабарлама жасады.
2016 жылдың 9 айында облыстық мәслихаттың сессияларында 112 шешім қабылданды және бекітілді, соның ішінде 27 нормативтік құқықтық актілер. Шешімдер әділет департаментінде тіркеліп, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде, облыстық мәслихаттың сайтында жарияланды.
Облыстық мәслихаттың Жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылы 5 тұрақты комиссияларда 59 мәселе қаралып, 40 отырыс өткізді.
Бұлар облысты дамыту бағдарламасының орындалуы, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы, инвестициялық жобалар мәселелері, бюджетке, әлеуметтік салаға қатысты мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту келешегі және т.б.
Облыстық мәслихаттың депутаттары ведомствоаралық сипаттағы мәселелерді қарау жөніндегі 29 кеңестер пен комиссиялардың құрамына кіреді.
Депутаттар кездесулер өткізу үшін сайлау округтеріне шығады, сайлау округтерінің орындары бойынша партияның қоғамдық қабылдауларында жеке қабылдауларды жүзеге асырады, қабылдаулардың кестесі аудандық және «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» облыстық газеттерінде жарияланады.
2016 жылы олар 124 аса кездесулер өткізіп, жеке қабылдауларда 690 адамның арызын қабылдады. Өтініштердің негізі жолды жөндеу, жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім, жұмысқа орналастыру, материалдық көмектер беру мәселелері.
Телеарнада тұрақты шығатын «Депутат мінбері» - «Депутатский вестник» айдарында, тікелей эфирде депутаттар ұдайы сөз сөйлейді. 2016 жылы мемлекеттік және орыс тілінде 24 адам сөйледі.
Облыстық мәслихаттың депутаттары әртүрлі қайырымдылық акцияларына, әлеуметтік жобаларды және облыс тұрғындарының мәселелерін шешуге белсенді қатысып келеді.
Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың өткен жылға жұмысын, жоспарымыздың барлық тармақтарын – сессияның, тұрақты комиссиялардың отырыстары, басқа да шараларды, біз орындағандығымызды айтқым келеді.
Сонымен қатар күн тәртібінде облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларына өзгеріс және толықтыру енгізу, «Қобда ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» және өзге де мәселелер, ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Облыстық мәслихаттың кезекті сегізінші сессиясында депутаттар, күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31