Slide-Kulyash-Kaz 030317kaz 100217kaz 080217s-kaz Slide-Poslanie-Kaz Slide260117kaz


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 01 наурызда №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Қобда ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» мәселе бойынша Қобда ауданы әкімінің орынбасары Болат Ахметұлы Құлов хабарлама жасады.
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қобда ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер енгізіледі:
1. Бұлақ ауылдық округінің шекаралары, Талдысай ауылын шығара отырып өзгертілсін.
2. Талдысай ауылы болып, құрамына Талдысай ауылын қоса отырып, Талдысай ауылдық округі құрылсын.
3. Құрсай, Исатай, Жаңаталап ауылдық округтері таратылсын.
4. Қобда ауылдық округінің шекаралары, құрамына жалпы көлемі Құрсай ауылдық округін, Құрсай ауылын қоса отырып өзгертілсін.
5. Өтек ауылдық округінің шекаралары, таратылатын Исатай ауылдық округін, соның ішінде Жарсай ауылын қоса отырып өзгертілсін.
6. әкімшілік орталығы Терісаққан ауылы болып, құрамына Терісаққан ауылы әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағын, соның ішінде Терісаққан ауылын, сондай-ақ таратылатын Жаңаталап ауылдық округінің аумағын, соның ішінде Жаңаталап ауылын қоса отырып, Терісаққан ауылдық округі құрылсын.
Депутаттар аталған мәселені талқылағаннан кейін, облыстық мәслихаттың сессиясының қарауына енгізу туралы қаулы қабылдады.

«Тұрғылықты жері және уақытша тұратын жері (болатын) бойынша жеке тұлғаларды тіркеу нормалары туралы» мәселе бойынша Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Азамат Құрмантайұлы Сатыбалдин хабарлама жасады.
Тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркелу әлемдік тәжирбе болып саналады. Қазақстанда тұрғындарды тұрғылықты жері мен уақытша мекен-жайы бойынша тіркеу заңнамамен қарастырылды.
Осыған дейінгі бұл заңнамалармен азаматтарды тұрғылықты жері бойыша тіркеуге міндеттерді және тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделді (ҚР ӘҚБК).
Уақтыша пәтер жалдаушылар мен меншік иегерінің жауапркершілігі көзделіп отыр. Сонымен қатар уақытша тіркеусіз болатын мерзімді үш айдан бір айға дейін қысқартылды және аталған мерзім бұзылған жағдайда ескерту жазасы көзделген. Бұл жалпы тіркеусіздікке қатысты проблеманы шешеді.
Сонымен қатар облыстық мәслихаттарына аумақтардағы көші-қон жағдайлары ескерілетін көші-қөн процестерін реттейтін Ережені бекіту құқы берілген. Олар Үкімет бекіткен Типтік Ереже негізінде дайындалады.
Негізгі мақсатымыз - ішкі көші-қонның мониторингін жүргізу, аумақты дамытуда мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жасау барысында әрбір елді мекендегі даму деңгейін анықтау үшін ол жердің тұрғындарының есебін жүргізу. Осы есеп негізінде жұмыс орындары, мектеп, аурухана құрылыстарын салу мен инженерлік-техникалық құрылымдарын дамыту жоспарланады.
Азаматтардың тұрғылықты тірікелген жері оның заңды мекен-жайы болып саналады және ол бойынша салық, әскери және басқа да тіркеулер жүргізіледі.
Статистика басқармасының 2017 ж. 20.02. мәліметі бойынша облысымызда 839 151 адам бар, оның 454 195 (54,1%) Ақтөбе қаласының тұрғындары.
2016 жылдың құжаттандыру және тұрғындарды тіркеу бөлімішесімен 85 мың адам (96.4 мың) тіркеліп, тіркеуден алынған болса, төленген мемлекеттік баж салығы 154,6 млн. (185,8) теңгені құрады.
2016 тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген немесе жеке бастарын анықтайын жеке куәліктері жоқ (ҚРӘҚбК - 492 бабы) 5461 азамат (-2,9%, 2015ж. - 5622) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заңнаманы түсіндіру мақсатында 2017 жылдың 10 қаңтарында БАҚ үшін іс-шара өткізілді.
ХҚКО қызыметкерлерімен бірге азаматтарға арналған жадынамамалар дайындалып, волонтерлар арқылы қаламыздағы ірі кәсіпорындар мен мекемелерге таратылды. Күн сайын адамдар көп шоғырланатын жерлерде, әуе жай, темір жол вокзалы, «Табыс» және «Шығыс» базарларында дыбыс күшейткіштер арқылы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Облыстық және қалалық әскери бөлімшелерінің қызметкерлерімен ашық әңгіме алаңдары, Ферроқорытпа және АЗХС зауытының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді, алыс елді мекендер тұрғындарын қпараттандыру бойынша мобильді топтар шығып жұмыс жасады.
Ағымдағы жылдың 21 қаңтарынан бастап азаматтарды халыққа қызымет көрсету оратылықтарына келмей-ақ электронды тіркеу бағдарламасы арқылы уақытша тіркеу мүмкіндігі бар.
Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында орталықтарда қосымша жұмыс орындары ашылып, келген азаматтардың жалпы саны ескеріліп, аптаның демалыс күндері де жұмыс жасалды.
Ағымдағы жылдың 7 қаңтардан 20 ақпан арасында АҚжТТ бөлімшелерімен тіркеу бойынша 45 735 өтініштер қабылданған, оның ішінде 26 983 азамат тұрғылықты және 18 752 азамат уақытша тіркелді.
Талқылау барысында депутаттар бірқатар сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31