• 181017

    2017 жылғы 17 қазанда «Депутаттық күн» түріндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысымен бірлескен «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының партиялық тыңдауы өтті

  • 111017

    2017 жылғы 10 қазанда облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті

  • 080917 правопорядок

    2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихатта, депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы №8 Пацаев сайлау округінен депутат Дмитрий Адамович Довматенконың төрағалығымен өтті

  • 080917 13 сессия

    2017 жылғы 06 қыркүйекте облыстық мәслихаттың кезектен тыс он үшінші сессиясының жалпы отырысы №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Қойбағарқызы Ерғазинаның төрағалық етуімен өтті

  • 310817 прием

    Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлова жеке сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдады

  • 310817 комиссия

    2017 жылғы 29 тамызда облыстық мәслихатта, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 28 ақпанда облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлованың тұрғындармен кездесуі өтті.
Облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлованың тұрғындармен кездесуіне Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелері, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелерінің, пәтерлер иелері кооперативтерінің, учаскелік полиция инспекторлары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Облыстық мәслихаттың 2016 жылға жұмысы туралы облыстық мәслихаттың хатшысы С.М.Қалдығұлованың есеп берді. Облыстық мәслихаттың алтыншы шақырылымына 31 депутат сайланды, құрамында 4 партияның өкілдері бар, соның ішінде «Нұр Отан» партиясының мүшелері 28, «Ауыл», «Ақ жол», «Бірлік» партияларынан 1 өкілден.
Ұлттық құрамы бойынша қазақ -26, украин – 2, орыс – 1, неміс -1, корей – 1. Депутаттық корпуста 7 әйел, депутаттардың жалпы санының 22,5% құрайды. Депутаттардың орташа жасы – 51. 12 адам (38,7%) алғаш рет облыстық мәслихаттың депутаты болып отыр.
Облыстық мәслихатта 2 депутаттық бірлестіктер бар, олар «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мәселелері жөніндегі депутаттық тобы.
Облыстық мәслихатқа әртүрлі саланың өкілдері кірді. Депутаттардың жалпы санының ішінде 22 адам – бизнес, коммерциялық құрылымдардың өкілдері, 4 адам – білім, денсаулық сақтау саласының өкілдері, 3-еуі – қоғамдық бірлестіктердің басшылары, 1-еуі – мемлекеттік мекеменің басшысы.

Ақтөбе облыстық мәслихаты өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының талаптарына сәйкес жүргізеді.
Мәслихатты және оның органдарын ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, 6 мемлекеттік қызметшілерден тұратын, аппарат жүзеге асырады.
Мәслихаттың негізгі жұмыс нысаны сессиялық қызмет болып табылады. Есепті кезеңде 7 жалпы отырыстар өтті, соның ішінде 4 кезекті және 3 кезектен тыс сессиялар.
Сессияны шақыру және өтетін орны, сондай-ақ қарауға енгізілетін мәселелер туралы, депутаттарға, тұрғындарға және облыс әкіміне сессияға дейін 10 күннен кешіктірмей жарияланады, (егер кезектен тыс болса, онда 5 күн).
Бұл ақпарат «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» облыстық газеттерінде, облыстық мәслихаттың сайтында жарияланып, сондай-ақ облыстық телеарнадағы жүгіртпе жол арқылы тұрғындарға хабарландыру беріледі.
Облыстық мәслихаттың барлық сессиялары ашық түрде өтеді.
2016 жыл ішінде өңіріміз үшін маңызды әртүрлі мәселелер қаралып және шешімдер қабылданды.
Сессияда 17 басқарманың басшылары есеп беріп, хабарлама жасады. Олар жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, дене шынықтыру және спорт, мәдениет, архивтер және құжаттама, жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының басшылары, жергілікті полиция қызметінің бастығы, Тескеру комиссиясының төрағасы және т.б.
Сессия жұмысына облыс әкімі қатысады, ол мәслихаттың барлық сессияларында болды, сонымен қатар басқармалар мен департаменттердің басшылары, қалалық және аудандардың мәслихат хатшылары, облыстың Қоғамдық кеңесінің, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Әрбір сессияның қорытындысы бойынша тұрғындарды хабардар ету мақсатында, тұрақты комиссиялардың отырыстары баспасөз хабарламаларын жасап, бұқаралық ақпарат құралдарында, облыстық мәслихаттың сайтында жариялайды.
Бірінші ұйымдастыру сессиясында 5 тұрақты комиссиялардың құрамдары бекітілді.
1. Құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия (төраға – М.С.Итеғұлов)
2. Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия (төраға – А.Қ.Есіркепов)
3. Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссия (төраға – А.Ю.Ни)
4. Аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия (төраға – Г.Қ.Ерғазина)
5. Депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссия (төраға – Д.А.Довматенко).
Облыстық мәслихаттың Жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылы 5 тұрақты комиссияларда 59 мәселе қаралып, 40 отырыс өткізді.
Бұлар облысты дамыту бағдарламасының орындалуы, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы, инвестициялық жобалар мәселелері, бюджетке, әлеуметтік салаға қатысты мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту келешегі және т.б.
Тұрақты комиссиялардың барлық отырыстары кеңейтілген түрде өткізіледі, тек қана мүшелері ғана емес, басқа да комиссиялардың депутаттары, басқармалар мен департаменттердің басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысады.
Облыстық мәслихаттың жоспарында, өте өзекті және қоғамдық маңызды мәселелерді талқылау үшін Көпшіліктік тыңдаулар, «Депутаттық күн» өткізу сияқты жұмыс түрлері қарастырылған.
Облыстық мәслихаттың депутаттары ведомствоаралық сипаттағы мәселелерді қарау жөніндегі 29 кеңестер пен комиссиялардың құрамына кіреді.
2016 жылы олар 124 аса кездесулер өткізіп, жеке қабылдауларда 690 адамның арызын қабылдады. Өтініштердің негізі жолды жөндеу, жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім, жұмысқа орналастыру, материалдық көмектер беру мәселелері.
Депутаттар мәселелерді шешу үшін депутаттық сауалдарды және үндеулерді пайдаланады. Атқарушы органдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары әртүрлі мәселелер бойынша 86 хат жолданды.
2016 жылы депутаттардың, тұрақты комиссиялардың жұмыстары туралы 84 астам ақпараттық материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде «Ақтөбе», «Актюбинский вестник», «Ақтөбе таймс», «Керек инфо», «Эврика» газеттерінде және басқа да республикалық газеттерде жарық көрді.
Мен айтып өткендей, 2016 жылдың 9 айында облыстық мәслихаттың сессияларында 112 шешім қабылданды және бекітілді, соның ішінде 27 нормативтік құқықтық актілер. Шешімдер әділет департаментінде тіркеліп, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде, облыстық мәслихаттың сайтында жарияланды.
Сайтта тек қана сессия, тұрақты комиссиялардың отырыстары туралы ғана емес, депутаттық қызметке қатысты басқа да материалдар орналастырылады.
Телеарнада тұрақты шығатын «Депутат мінбері» - «Депутатский вестник» айдарында, тікелей эфирде депутаттар ұдайы сөз сөйлейді. 2016 жылы мемлекеттік және орыс тілінде 24 адам сөйледі.
Облыстық мәслихаттың депутаттары әртүрлі қайырымдылық акцияларына, әлеуметтік жобаларды және облыс тұрғындарының мәселелерін шешуге белсенді қатысып келеді.
2017 жылға жұмыс жоспары желтоқсанда бекітілді, біз оны орындауға кірістік.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы – стратегиялық құжатты орындау бойынша алдымызда ауқымды және жауапты жұмыс тұр.
Облыстық мәслихаттың депутаттық корпусы орындаушы билікпен, бизнес құрылымдармен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отыра, Жолдауда Елбасы қойған тапсырмаларды орындауға, міндеттерді іске асыруға бар күш-жігерлерін салатындығына сенімдімін.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31