• 140817

    2017 жылғы 14 тамызда облыстық мәслихаттың және Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің бірлескен кезекті он екінші сессиясының жалпы отырысы өтті

  • 100817

    Облыстық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

  • 070817-2

    Облыстық мәслихатта депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

  • 070817-1

    Қонақ үй және көлік шаруашылықтар басшыларының қатысуымен ұйымдастыру комитетінің отырысы өткізілді

  • 050717

    Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары облыстық мәслихаттың депутаттарымен бірге Ақтөбе қаласындағы «Нұр сити» ауданындағы тұрғын үйлердің құрылысы, 41 разъездегі мектептің құрылысы нысандарында болды

  • 300617

    2017 жылғы 30 маусымда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясының жалпы отырысына етті


 

 

 

Мәслихат дегеніміз не?

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды.
    Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
    Мәслихаттың өкiлеттiгi бiрiншi сессия ашылған кезден басталады және жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады.

300915sl 120315bg priem3 doroga

Облыстық мәслихатының депутаттары мен аппараты Ақтөбелік зейнеткерлер мен еңбек сіңірген ардагерлерді  халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

8 наурыз мейрамы қарсаңында, облыстық мәслихат депутаттары, білім саласына еңбегі сіңген мұғалімдер мен ардагерлерді құттықтады

Сайлаушыларды қабылдау кестесі

Мұғалжар және Хромтау аудандарында «Мектепке жол» акциясы басталды

Баспасөз хабарламасы

2017 жылғы 20 ақпанда, №1 Жамбыл сайлау округінен депутат Аркадий Юрьевич Нидің төрағалық етуімен, облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті.
Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Мұсақызы Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.


Күн тәртібіндегі «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Ә.Айдашева хабарлама жасап, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.
«Мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңамасының талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметтерін тексеру нәтижелері туралы» мәселе бойынша Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі С.Ш.Орынбаев және Ақтөбе облысы бойынша Ішкі аудит департаменті басшысының міндетін атқарушы З.Т.Отарғазиева хабарлама жасады.

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы 2016 жылы 144 мемлекеттік аудит объектілерінде 16 мемлекеттік аудит іс-шараларын жүргізіп, 165 042,2 млн.теңге қаражаты қамтылды.
Тексерулермен жалпы көлемі 8 451,1 млн.теңге бұзушылықтар анықталып, оның 1 096,0 млн.теңгесі мемлекеттік сатып алу заңнамасы бойынша жіберілген бұзушылықтар.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде мемлекеттік сатып алу заңнамасына қатысты келесідей бұзушылықтар анықталып отыр:
- мемлекеттік сатып алуды жоспарлау барысында мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері кемшіліктерге жол беріп, мемлекеттік сатып алу жоспарының қағаз түріндегі нұсқасын әзірлемеген;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына қайшы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік субъектілері мемлекеттік сатып алу жоспарында қарастырылмаған тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға жол берілген. Бұндай бұзушылық 19 мемлекеттік аудит объектілерінде анықталып, бұзушылық көлемі 495,9 млн.теңгені немесе мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы бұзушылық көлемінен 45,2% құрады.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы бойынша анықталған бұзушылықтарға талдау жасай отырып, келесідей шаралар қабылдау қажеттігін атап өткім келеді:
- Мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарын мүлтіксіз орындау;
- Конкурстық құжаттаманың сапалы әзірленуін қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік сатып алу келісім-шарттарының толық орындалуын қатаң бақылау, оның ішінде келісім-шарт орындалмаған жағдайда жеткізушілерге қатысты қарастырылған шараларды жосықсыз жеткізуші ретінде тану бойынша сотқа талап арыз жолдау және өсімпұл салу уақытылы қабылдау.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңының дұрыс пайдаланылмауынан, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын мамандардың біліктілігі деңгейінің төмендігін және мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары тарапынан бақылау деңгейінің төмендігін атап айтуымыз керек.
Аталған мәселелерді талқылау барысында облыстық мәслихаттың депутаттары сұрақтар қойып, өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын айтты.
Қорытындысында, комиссия қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдады.

Оқиғалар күнтізбесі

<< < Ақпан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 23 24 25 26
27 28